Жаңалық

Алматы облысында 30 адамға грант беріледі

Алматы облысында «Zhas Project» жобасы аясында 30-ға жуық жасқа қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін арнайы жоба іске қосылады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге қайтарымсыз грант табысталады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан Досалы айтты.

«Бұл жоба жастарды қолдауға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған», – деді спикер.

Өтінімдер 9 қазаннан 22 қарашаға дейін қабылданады.

«Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Мұнда әлеуметтік осал топтан шыққан жастарға, жетім және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне басымдық беріледі», – деді Балжан Досалы.

Байланыс үшін: +7 7051506279

Related Posts

Жаңалық

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – вируспен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін табиғи-ошақтық ауру. Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймаққа жатады.
Жаңалық

Алматы облысында Мобильді қоғамдық қабылдау Жамбыл ауылында жалғасын тапты

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық мобильді қоғамдық қабылдау тобы Жамбыл ауылында болып, тұрғындардың өзекті сұрақтарын тыңдады. Қабылдау тобының құрамында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ облыстық басқарма басшылықтары және мамандары болды.
Жаңалық

Дәурен Тойбаев Жамбыл аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 5484 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 3482 сайлаушы,