Жаңалық

Алматы облысы Балқаш ауданындағы шаруалар етті сиырларды көбейтіп жатыр

Соңғы жылдары мал шаруашылығына бет бұрғандардың қатары артқан. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне жіті тоқталды.

 

«Агросекторда серпіліс жасау ел экономикасын өрге сүйрейді. Ол үшін отандық тауар өндірушілерді қолдау керек. Бұл ретте ірі шаруа қожалықтарының көпжылдық тәжірибесін ортақ іске тоғыстыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

 

Жолдауда жүктелген тапсырмаларды өңірлерде іске асыруға мүмкіндік мол. Алматы облысы Бірлік ауылының тұрғыны Жандос Әбенұлының мал шаруашылығымен айналысқанына биыл сегізінші жыл. Ата кәсіпті қарқынды дамытуды мақсат етеді.  Иелігінде үш мың бас ірі қара бар. Асыл тұқымды герефорд тұқымы 500 ден асады. Серіктестік малды асылдандыруға мемлекеттен субсидия алған.

«Субсидия алмаса мал шаруашылығына қиын. Субсидия алып отырамыз. Селекциялы жұмыстарға, жем-шөпке субсидия аламыз», – дейді шаруа қожалығының басшысы Жандос Әбенұлы.

Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының да елге септігі тиіп жатыр. Келесі кезеңінде жеңілдетілген несиемен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек деген еді Президент өз Жолдауында. Бұл ретте биыл Балқаш ауданында жеңілдетілген несиге 50-ге жуық адам қол жеткізген.

«350 өтініш түскен, 1 млрд үстіндегі қаражатқа тапсырыс. Бүгінде 43 адам 287 млн. теңге көлемінде кредитін алып, өзінің кәсібін бастап жатыр. Оның ішінде негізгі бағыт – ірі қара малын сатып алу», – дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев.

Балқаш ауданының халқы негізінен ірі қара өсіреді. Өйткені жер жағдайы соған өте қолайлы. Қазір ауданда 150 мың бас ірі қара бар. Жем-шөп қоры мол өңірде осы күнге дейін 170 мың тонна қысқы мал азығы әзірленген.

Related Posts

Жаңалық

Алматыда балаларға арналған «Кітап әлемі» экскурсиясы өтті

26 наурыз күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен«BookVibe» жобасының аясында «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 30-дан астам арнайы мамандандырылған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілеріне, Алматы қаласы мәслихатының депутаты
Жаңалық

Алматы облысында жоғарғы вольтты 10 станция салынады

«Тарифті инвестицияға айырбастау» тұрғындар үшін керекті жоба. Өйткені, тұрмыстың сапасы мен әлеуметтік жағдайға әсер ететін басты фактор- тариф. Бұл тіпті Мемлекет басшысының жолдауында да айқындалған. Сол себепті бүгін Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

Жетісу облысындағы бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы

Жетісу облысында бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы күрделі боп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда  сырқаттанушылық 43,7%, яғни 81-ден 116 жағдайға дейін өскен. Науқастардың 14 – бала, 13 – жасөспірім. «Эпидемиологиялық қолайсыздықты Ақсу, Алакөл,
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз

Өңірде сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Мысалы, қараша айының басында аптасына 10 шақты жағдай тіркелсе, соңғы уақытта науқас саны 5-8 есеге өсіп,