Жаңалық

Жетісу облысында қызылша сырқаттанушылығы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз

Өңірде сырқаттанушылық республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, апта сайын қызылшамен ауырған науқастар саны артып келеді. Мысалы, қараша айының басында аптасына 10 шақты жағдай тіркелсе, соңғы уақытта науқас саны 5-8 есеге өсіп, 84 жағдайға дейін жеткен.

Жыл басынан алғашқы нақтамамен 606 жағдай тіркеліп, оның 417-і расталған. Расталған жағдайлардың дені 5 жасқа дейінгі балалар. Айта кетерлігі сырқаттанғандардың 82,5% бұрын қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қызылша облыстың барлық аумақтарында тіркеліп отыр. Сырқаттанушылық деңгейі Талдықорған қаласы мен Алакөл ауданында жоғары.

Облыста қызылша сырқаттанушылығын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Жоспарлы түрде 1 және 6 жастағы балалар қызылшаға қарсы екпе алып, жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпелері жоқ немесе иммундық статусы белгісіз 30 жасқа дейінгі қарым-қатынаста болған адамдар егумен қамтылып отыр. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмеген немесе иммундық мәртебесі анықталмағандарға екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, облыста қосымша жаппай иммундаумен 17655 адам (33,4%) қамтылды. Оның ішінде 6-10 айдағы сәби — 2391, 2-4 жастағы бала — 11882, медициналық қызметкер — 2918.

Жалпы, аймақта қызылша ауруы және оның алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, тұрғындар арасында егілмегені немесе толық екпе алмағандары да бар. Бұл бірінші кезекте баласына екпе салудан бас тартқан ата-аналардың көбеюімен байланысты.

Қызылшаның алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация. Аталған шаралардың ішінде жоспарлы екпенің маңызы зор. Жоспарлы екпенің нәтижесінде 2000 жылдармен салыстырғанда, сырқаттанушылық он мыңдаған жағдайдан спорадиялық жағдайға дейін төмендеді. Бірақ егуден бас тартып немесе медициналық шектеуі болып егілмей қалғандар да болады. Ауру бұл ортаға сырттан әкелінгенде осы егілмегендер бірінші ауырады да, кейін иммунитеті әлсіз бұрын екпе алған адамдар да ауруды жұқтырып алуы мүмкін. Қазіргі кездегі бұрқетпе осылай туындап отыр. Осындай бұрқетпе 2005, 2015, 2019 жылдары болған, олар қосымша иммундаудың нәтижесінде тоқтатылған болатын.

Related Posts

Жаңалық

Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек
Жаңалық

Алматы облысында сібір жарасына қарсы 400 ден аса адам екпе алды

  Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов облыстағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық маусамға дайындағы туралы баяндады. Өңірдің бас санитарының айтуынша, жұқпалы аурулардың ең
Жаңалық

Алматы облысы Әділет департаменті жыл басынан 14 мың азаматқа тегін көмек көрсетті

  Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық жауап берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков баяндады. Департамент өкілінің айтуынша,
Жаңалық

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы