Жаңалық

Мереке күндері тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?

Мереке күндері тамақтан уланудың саны артатыны жасырын емес. Жіті ішек инфекцияларының негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы немесе мерзімі өткен тағамдарды жеу. Тамақтан улану кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Сондықтан, қысқы мерекелер қарсаңында мейрамхана, кафе, үйдің тамағынан уланудан сақтану үшін бірнеше кеңес бергіміз келеді.

Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар және т.б.) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы рұқсаты болуы керек. Нысандарда жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дератизация және дезинсекция шараларын жүргізу қажет. Тамақты дайындау кезінде технологиялық процесті, тағамды тасымалдау ережелерін сақтап, сондай-ақ жарамдылық мерзімін ескеру қажет. Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы керек. Үй-жайлар мен жабдықтарды да таза ұстаған дұрыс. Дайын өнімдермен жұмыс істегенде бір рет қолданылатын қолғаптарды, шикі және дайын өнімді бөлек кесетін жабдықты пайдаланыңыз. Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз және арнайы киім киіңіз. Жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітаптардың болуы, қызметкерлерді іріңді ауруларға күнделікті тексеру және өндірістік бақылауды енгізу керек.

Сондай-ақ, үйде  тамақты сақтау ережелері мен пісіру технологиясын сақтау қажет. Тез бұзылатын және дайын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтауды ұмытпаңыз. Шикі және дайындалған өнімдердің бөлек сақталатынын және өңделетінін қаперден шығармаңыз. Дастарханға қойылатын тағам дайын болған соң, бірден ұсынуға тырысыңыз.  Салаттарды майонез, дәмдеуіш, тұздық, маймен дастарханға ұсынар алдында араластырғаныңыз абзал.  Мерекелік отырыстан соң қалып қалған тағамдар мен салаттарды ұзақ мерзім сақтауға болмайды.

Сонымен қатар,  ауыр және өлімге әкелетін ауру тағамдық ботулизм сияқты улану туралы білу маңызды. Уланудың негізгі себептері үй жағдайында консервіленген тағамдарды (саңырауқұлақ, баклажан, қияр және т.б.) жегеннен  пайда болады.

Ал біз білетіндей, консервілерді тұтыну маусымы «жертөлелерден» өнімдерді жазғы және күзгі жинау кезінде басталады. Топырақта «Clostridium botulinum» бактериясы өмір сүреді және топырақ дұрыс тазаланбаса немесе жуылмаса немесе үйде консервілеу кезінде дайындау технологиясы сақталмаса, бар қоздырғыш өнімде қалады. Ал герметикалық жабылған құмырада, оттегісіз ортада ботулизм қоздырғышы ең күшті биологиялық уды – ботулинум токсинін бөледі.

Егер құмыраның қақпағы ісінген болса, құмыраның түбінде тұнба немесе шырыш болса, оның дәмін татудан бастартыңыз. Ол қауіпті болуы мүмкін.  

Сондай-ақ,  үйде дайындалған консервілерді (көкөніс, ет, балық) жабайы сауда орындарынан, белгісіз адамдардан немесе әлеуметтік желі арқылы сатып алмауға, мұқият болуға кеңес береміз. Қоғамдық тамақтандыру орындарында қолдан жасалған тағам өнімдерін пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Related Posts

Жаңалық

Кеген ауданында 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Кеген ауданында 30 отбасыға көптен күткен тұрғын үйдің кілттері табысталды. Жаңа баспаналар көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, 1-2 топтағы мүгедектер және жалғыз басты аналар сияқты әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға
Жаңалық

Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға
Жаңалық

Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын "GE Signa Voyager" магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау
Жаңалық

Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012