Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан балық аулау бойынша 86 заңбұзушылық тіркелді

5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулау мен балық өнімдерінің айналымына ерекше бақылау жасалады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлімдеді.
Ринат Маратұлының айтуынша, инспекцияның қарамағына Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы, Іле өзені және оның атыраулары, Алакөл, Қошқаркөл және Сасықкөл көлдері кіреді.
Аталмыш акция барысында белгіленген уақыт аралығында балық аулауға тыйым салынады:
— Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 25 наурыз- 5 шілде аралығында;
— Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне Аралтөбе ауылы дейін 5 сәуір мен 5 маусым күндері;
— Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғанда;
— Іле өзенінің барлық аумағында 15 сәуірден 1 маусым аралығында балық аулауға болмайды.
Инспекция басшысының орынбарасы Ринат Маратұлының баяндауынша,биылғы жылы браконьерліктің алдын алу және болдырмау үшін құқық қорғау органдарымен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде.
Уылдырық шашу науқаны аясында, мамандар, су айдындарында кез келген балық аулау құралдары мен катерлерде, моторлы қайықтарда және уылдырық шашатын жерлерде қозғалтқыштары қосылған басқа да жүзу құралдары болмауын қадағалайды. Заңға бағынбаған тұлғалар анықталған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

«Уылдырық шашып көбею мезгілінде балық аулауға қатаң түрде тыйым салынады. Алайда тұрғындар ескертуге мән бермей, заңбұзушылық әрекеттерге жол беруде. Дәлірек айтсақ, «Уылдырық шашу» акциясы барысында, табиғат қорғау заңнамасын 86 адам бұзып, 60-қа тарта балық аулау құралдары, 3 қайық және 1 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді»,-дейді Ринат Маратұлы.

Уылдырық шашу мерзімінде заң бұзған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабына сәйкес, 10 – 20 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалап, балық аулаға қажетті құралдары тәркiленеді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, уылдырық шашу мерзімінде балық аулағаны үшін, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектетеледі.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының 12 оқушысы халықаралық жарыстарда топ жарды

2023 жылы Алматы облысының білім саласы үшін жемісті кезең болды. Өтіп баражатқан жылда 12 бірдей оқушы халықаралық білім бәсекесінде оза шапса, 118 бала республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлдегерлер қтарынан көрінді, деп
Жаңалық

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді. Бастауыш партия
Жаңалық

Балқаш ауданы: Жыл сайын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жүгінетіндер саны артып келеді

Сәби сүйгісі келетіндер көп. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің игілігі мол ​​​​«Аңсаған сәби» бағдарламасы талай шаңыраққа үміт сыйлап отыр. Бұл туралы Балқаш аудандық орталық ауруханасының бас акушер-гинекологы мәлімдеді. Айтуынша өңірде
Жаңалық

Алматы облысы бойынша 400 ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың