Жаңалық

Алматы облысында жылыту мауысы кезінде 224 өрт оқиғасы тіркелген

Төтенше жағдайлардың көпшілігі жылыту маусымы кезінде жеке тұрғын үйлерде орын алатыны белгілі болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжеханұлы айтты
Спикердің сөзінше, электр жабдықтары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, тұрмыстық газды дұрыс тұтынбаудың нәтижесі оқыс оқиғаға әкеліп соғуда.

«Жылыту маусымы басталғаннан бері аймақта 224 өрт оқиғасы орын алды. Салдарынан жеті адам қаза тапты. Ал, 12-22 ақпан аралығанда 16 өрт оқиғасы тіркелген. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Көміртегі тотығымен уланудан емдеу мекемелеріне 6 адам жүгінді. Сол себепті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтауға кеңес береміз»,-деді Самат Кенжехан

Департамент қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына өрттен сақтанудың жолдарын айтты. Мәселен,жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды. Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдында сақтамауды ескертті. Пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа жанғыш сұйықтықтарды қолануға болмайды.
Еске саламыз, өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 85 адам құтқарылды

Суға бату жағдайы тек жаз айларында ғана емес қүзде және қысқы мезгілдерде орын алады. Әсіресе әуесқой балықшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы оқыс оқиғаға алып келеді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің айтуынша су
Жаңалық

«Қонаев» ӘКК қаражатты депозитке салған — Жоғары аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата Алматы облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне аудитті аяқтады. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен палата отырысында қаралды. Мемлекет басшысының бастамасы аясында Алматы облысы 2022 жылы Жетісу облысының
Жаңалық

Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

Кездесуде атом электр станциясының жобасы, оның техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік шаралары талқыланды. Штаб мүшелері заманауи атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сай технологиялар туралы түсініктеме беріп, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына
Жаңалық

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық аякциясы негізінде профилактикалық шара жүргізілді. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Александр Пархоменка айтты.   22-28 шілде күндері  өңірдегі