Жаңалық

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық аякциясы негізінде профилактикалық шара жүргізілді. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Александр Пархоменка айтты.

 

22-28 шілде күндері  өңірдегі сауда нүктелеріне  тексеріс жүргізілді.  Мақсат- өрттің алдын алу. Акция аясында ақпараттық түсіндіру  шараларымен  728  кәсіп иесі қамтылды.  Сондай-ақ Алматы облысының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 4 өртке қарсы  оқу-жаттығу өткізілді.

 

Баспасөз-мәслихаты барысында спикер, сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау аса қажет екенін еске салды.

«Өрт сөндіру құралдары әр нысанда болуы керек. Істен шыққан электр сымдарын пайдаланбаған абзал. Эвакуацияға арналған қосалқы есік болуы тиіс», — деді спикер.

 

Айта кетейік, облыста барлығы 68 ірі сауда кәсіпорны орналасқан, оның ішінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы, 49 сауда үйі және 17 әмбебап базар бар.

Related Posts

Жаңалық

Жетісулықтар «хостел» ашпай тұрып не білуі керек?

Бұл эконом кластағы қонақ үйдің бір түрі, мұнда келушілер төсек орынды немесе бөлек бөлмені жалға алады. Хостелдерді қайда орналастыруға болады: бөлек тұрған ғимараттарда, көпфункционалды ғимараттардың құрамында, жертөлелер мен бірінші қабаттардағы
Жаңалық

Жетісу облысында бөтеннің мүлкін  ұрлаудың 252 жағдайды тіркелді

Жетісу облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Серік Демейовтың айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында өңірде мал ұрлығының 33 жағдайы тіркелген. Жедел іс-шаралар барысында 15 күдікті ұсталып, жалпы шығын
Жаңалық

Қаржы пирамидасы – қоғамды дендеген дерт

Б.Құранбек ағамыз көзі тірісінде көтерген әлеуметтік мәселелердің бірден  бірі  – қаржы пирамидасы. Кезінде «Айтуға оңай» бағдарламасында көтерілген тақырып бүгінде алып бәйтеректей тамыры жайылып, үлкен кеселге айналып барады. Ең  өкініштісі оның