Жаңалық

Жетісу облысында бөтеннің мүлкін  ұрлаудың 252 жағдайды тіркелді

Жетісу облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Серік Демейовтың айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында өңірде мал ұрлығының 33 жағдайы тіркелген. Жедел іс-шаралар барысында 15 күдікті ұсталып, жалпы шығын 15 миллион теңгеге жетті. Нәтижесінде 6 миллион 250 мың теңге қайтарылды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.

Сонымен қатар спикер мал ұрлығының 70%-ы далада өрістен жасалып жатқанын атап өтті. Мал ұрлығының жалпы 33 жағдайының 13-і ашылып, қалған 20-на жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Белгілі болғандай, мал ұрлығының ең көпшілігі Ақсу ауданында тіркелген.

Одан бөлек, өңірде көлік құралдары, ұялы телефондар мен пәтерлерді ұрлау  фактісі де тіркелуде. Биыл бөтеннің  мүлкін  ұрлаудың  жалпы  саны 252  жағдайды тіркелді.  23  пәтерлік  ұрлықтың  17-сі ашылып, ал телефон ұрлығы бойынша 55 жағдай ұсталып, тәркіленді. Стихиялық тұрақ орындарынан көлік құралдарын ұрлаудың 10 фактісі тіркелді, оның ішінде ауыр санат бойынша 2 қылмыс анықталды.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевта «Алатау жастары» ұйымы құрылды

Жиын барысында облыс орталығының «Алатау жастары» ұйымы құрылды. Қатысушылардың бірауыздан дауыс беруімен Жұмақан Дидар Айдарұлы ұйымның төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ ұйымның құрамы бекітіліп, төрағаның орынбасары сайланды. Жалпы ұйымға 11 адам
Жаңалық

Канат Бозумбаев назначен заместителем премьера

Канат Бозумбаев назначен заместителем премьер-министра. Соответствующий указ подписал Президент Касым-Жомарт Токаев, передает Alatau24.kz со ссылкой на пресс-службу Акорды. Кандидатуру нового заместителя премьера согласовали депутаты Мажилиса. "Назначить Бозумбаева Каната Алдабергеновича заместителем
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз айынан бастап, қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақсыз. Бүгінде алғашқы нақтамамен 812 жағдай тіркеліп, оның 576 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 37 433 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби
Жаңалық

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар