Жаңалық

Қонаевтық дәрігерлер өкпесі қабынған ауыр хәлдегі науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 63 жастағы науқас ауыр хәлде түскен. Сөзінше, науқас үй жағдайында емделіп, ауруын асқындырып алған. Емханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер қажетті медициналық талдау жүргізіп, ренгтенге түсірген. Кейіннен жүргізілген сараптама науқаста пневмония екенін анықтаған.

«Пневмония – көбінесе инфекция себебінен, әсіресе бактериялардан болатын өкпенің қабынуы. Уақтылы ауруханаға жатқызылмаған және емделмеген жағдайда ауру өліммен аяқталуы да мүмкін. Бізге науқас ауыр жағдайда әкелінді. Барлық қажетті медициналық көмекті тағайындадық. МӘМС есебінен ем-домын, дәрі-дәрмегін алып жатыр», — дейді пульмонолог дәрігер Айгерім Саменбаева.

«Мені өлім аузынан аман шығарып, аяқтан тік тұрғызды. Бұрын соңды МӘМС-ке жарна төлеп тұрдым. Соның нәтижесінде 2 жыл бұрын гинекология жағынан тегін ота жасаттым. Кейін жағдайыма қарай төлей алмадым. Ал, қазір ауруханаға шұғыл жағдайда келіп түстім. Зейнет жасына жеткен соң қор жарнаны мен үшін өзі төлеп отыр. Сондықтан барлық медициналық қызметті тегін алып отырмын», — дейді Ирина Зак.

Айта кетерлігі, елімізде шұғыл жағдайда науқасқа қызмет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі. Оған жедел медициналық жәрдем, амбулаториялық және стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық жәрдем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жатады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

  Өңірде ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының
Жаңалық

«Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

  Елімізде «Таза өлке» акциясы жалғасуда. Науқан аясында бүгін Қонаевтағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты. Облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері эконауқанды қолдау туралы челленджді Алматы
Жаңалық

Алматы облысында 123 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінде жалпы өңір халқының 8 пайызы иммунитетін жасанды жолмен күшейткен. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жыл сайын аймақта вирустық инфекциялардың 400 мыңға
Жаңалық

Қонаев қаласына жаңа театр келе жатыр

Абадан. Арлан. Аққұртқа һәм Арыстан. 6 мамыр күні Қонаев қаласында ASSYLTAS театрының «Арена» атты спектаклі сахналанады. Басты рөлдерде Дулыға Ақмолда, Алмас Шаяхметов, Жанаргүл Жаныаманова, Салтанат Бақаева, Жандарбек Садырбаев сынды танымал