Жаңалық

«Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

 

Елімізде «Таза өлке» акциясы жалғасуда. Науқан аясында бүгін Қонаевтағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты.

Облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері эконауқанды қолдау туралы челленджді Алматы облысындағы басқа білім беру мекемелеріне жолдады. Олар сенбілік барысында 10 қап қоқыс шығарды.

Ал Қонаев көпсалалы колледжінің студенттері 20 қап қоқыс шығарғандарын айтты.

«Бүгін біз сыпыртқы, тырма, аша секілді керек-жарақтарымызды алып, барлығымыз сенбілікке шықтық. Тек колледж аумағын емес, нысанға жақын жатқан көшелерді де тазарттық. Тазалық өзімізден басталады. Сондықтан мен қатарлас жастарды, балаларды табиғатты аялап ұстауға, мәдениетті болуға шақырамын», — деді 3-курс білімгері Ерлік Ғаниұлы.

Жалпы Қонаев қаласының тұрғындары сенбіліктерге белсенді қатысып жатқанын айта кетейік. Ертең шағын және орта бизнес орындарының, өндіріс ошақтарының аумағы тазаланады.

Related Posts

Жаңалық

72 000 туристов за полгода: Алматинская область — магнит для путешественников

Алматинская область настоящий райский уголок с живописными ландшафтами, яркими достопримечательностями и сакральными места привлекает все больше туристов. За последние полгода регион посетило более 72 тысяч человек. Туристов манит не только
Жаңалық

Алматы облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде

Тұтынылатын трафик көлемінің ұлғайып, интернет сапасының төмендеуіне байланысты тұрғындардан шағым түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешу үшін байланыс операторларының базалық станцияларын тұрақты негізде ұлғайтып, жаңа желілер салу қажеттілігі туралы Өңірлік коммуникациялар
Жаңалық

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

Журналистер үйінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жүргізді. Министр БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, өз пікірін білдірді.
Жаңалық

Алматы облысында биыл қауіпті өнеркәсіпорында 112 жабдықты ауыстыру жоспарланған

Бүгінгі күні департамент қадағалауында өңірдегі 571 кәсіпорын, оның ішінде 1809 нысан тіркелген. Бұл туралы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің