Жаңалық

Алматы облысында 123 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінде жалпы өңір халқының 8 пайызы иммунитетін жасанды жолмен күшейткен.

Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жыл сайын аймақта вирустық инфекциялардың 400 мыңға жуық дерегі тіркеледі. ЖРВИ және тұмау маусымы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады. Сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі желтоқсан қаңтар айларына сәйкес келеді.

2023-2024 жылдардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 28 қыркүйектен басталды. Ресми дектерге сүйенсек, қауіпті кезеңде вирустық инфекциялардың 58 мың фактісі анықталған. Былтырғы маусымда ЖРВИ-ның 92 645 жағдайы тіркелген болса, биыл ол көрсеткіш 37% төмендеген.

Мамандардың айтуынша, жалпы сырқаттанушылықтың 63% — ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Марат Исмаилов ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі жолы – екпе қабылдау екенін айтады.

Облыста тұмауға қарсы вакцинация 3 өңірде аяқталды. Олар Балқаш, Ұйғыр аудандары және өңір орталығы Қонаевта жүргізілді. Қазірде аймаққа қарасты 7 ауданда екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

«Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 123 мың адам, яғни егілуге жататындардың 73% немесе жалпы халықтың 8% қамтылған. Атап айтсақ, медициналық қызметкерлердің 80%-ы, жүкті әйелдердің 73%-ы, жабық мекемелердегі балалардың 68% -ы, диспансерлік есепте тұрған адамдардың 67%-ы және қарттар үйінің контингенті 100% тұмауға қарсы егілді»,-дейді Марат Исмаилов брифингте.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау басқармасымен «Гриппол плюс» вакцинасының 168 500  дозасы сатып алынған. Соңғы 11 жылда халықты тұмауға қарсы вакцинациямен қамту 6,4% — дан 13,9% — ға дейін өсті.

Related Posts

Жаңалық

«Таза бейсенбі»: Алматы облысында Қастек өзенінің жағалауы тазартылды

AMANAT партиясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Қастек өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық деңгейлі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты Акцияға 100-ге жуық адам белсенділік танытып,
Жаңалық

Алматы облысында «Ауыл олимпиадасы» басталды

Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған "Ауыл олимпиадасы" бастау алды. Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жаңалық

Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы “Заңғар-2024”жастар сыйлығына өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыстың дамуына үлес қосып, өз саласында озық шыққан жастарды марапаттау мақсатындағы бұл байқау