Жаңалық

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап жатыр. Жеткіншектердің басым бөлігіне пневмония диагнозы қойылған.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының балалар бөлімінде 27 орын бар. Қазірде 20-дан аса бала ем алып жатыр. Қатарында –  Ләззат Әбдікәрімованың 2 жастағы бүлдіршіні де бар. Жас ана алдымен үй жағдайында баласын емдей бастаған. Кейін ауруы өршіп, дене қызуы көтерілген соң, ауруханаға әкелген. Тексеру нәтижесінде науқастың қос өкпесінің қабынғаны анықталыпты. Мекеме қабырғасында қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған.

«Менің қателігім үйде емдегенім болды. Жаңа жылдың алдында ауырып бастадық. Дәрігерлерге рахмет. Бірден келген соң тексеріп, температурасы түспеген соң осында әкеліп едік», — дейді қала тұрғыны Ләззат Әбдікәрімова.

Ауруханаға түскен балалардың басым бөлігінің өкпесі қабынған. Десе де, дәрігерлер қараша, желтоқсан айларындағы көрсеткішке қарағанда, пневмонияға шалдыққан жастар саны азайып келеді.

«Тыныс алу жолдары ауруларынан бөлек, жүйке жүйесінің бұзылуы, ұлану, қанд диабеті, эпилепсия сынды дерті де балалар арасында кездесіп жатыр», — дейді Гүлсара Құмарбекова Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының инфекционист-дәрігері.

Былтыр медициналық мекеменің балалар бөлімінде 800-ден астам бала ем алған. Оларға бұл қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Жеңілдік санатына кіретіндіктен жастарға жарнаны мемлекет төлейді. Биыл оның көлемі бір адамға 5862 теңгені құрап отыр.

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында сапасыз өнімдерді сатуға шектеу қойылды

  Жыл басынан сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 800-ден астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Тұрғындардың құқықтық сауатының артуы мен өз мәселелерін шешуге деген
Жаңалық

Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

  Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов баспасөз мәслихатында баяндады. Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы
Жаңалық

2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдерінің басталғаны туралы хабарлады. Медициналық ұйымдар сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерді орналастыруға өз өтінімдерін бере алады.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру