Жаңалық

Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

 

Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов баспасөз мәслихатында баяндады.

Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы шаралар жыл басынан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл облыс аумағындағы 1404 жолға тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою үшін жол жөндеу мекемелеріне тиісті нұсқамалар жіберілген.

“Тексеру нәтижесінде 272 мекеме мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды,”– деді Еркебұлан Ахметов.

Жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Облыс жолдарында 4252 жаңа жол белгісі орнатылып, 16 бағдаршам іске қосылған. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне де ерекше көңіл бөлініп, 12 өткелге жарықшамдар орнатылып, қосымша жасанды кедергілер жасалған.

Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің маңындағы жол қауіпсіздігі де назардан тыс қалмаған. Жаңа оқу жылы қарсаңында 476 мектеп пен 1161 мектепке дейінгі мекеменің маңындағы жолдар тексеріліп, олардың жағдайы жақсартылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы бойынша желілердің тозуы орта есеппен 13% — ға дейін төмендейді

«Тарифті инвестицияға алмастыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Аталған бағдарлама нәтижесінде су құбыры, кәріз жылу желілері мен электрмен жабдықтары жаңартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика
Жаңалық

«Рахат» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыруда

AMANAT партиясы Еңбекшіқазақ ауданындық филиалына қарасты «Рахат» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, Рахат ауылдық округінің Өрікті ауылында тұратын 9 отбасыға демеушілік көмек есебінен қысқы отын жеткізіп берді. Бастауыш партия
Жаңалық

Алматы облысында ТЖД кезінде 418 пункт жұмыс істейді

  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында төтеншеліктер мәлімдеді. Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары, полковник Данияр Қасымовтың айтуынша, төртінші наурыз 11 сағат 22 минут 02 секундта жер сілкінісі орын
Жаңалық

Алматы облысында Республика күніне орай 170-тен астам іс-шара өткізіледі

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мерекелік іс-шаралар қызу дайындықпен басталып кетті. Бұл мереке еліміз үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, өңірде арнайы бағдарламалар мен мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы