ҚоғамҚұқық

Жетісудағы «Азаматтарға арналған үкімет» миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

2018 жылдың мамыр айында халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры ғылыми-өндірістік және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтары біріктіріліп, ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Бүгінгі күні аталған мекеме өзіне жүктелген міндетті қаншалықты атқарып жатқаны жайлы ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиал директоры Самат Иманғалиев баяндады.
Айтылған корпарацияның штаттық кестесінде жұмыс істейтін 643 маман осы жылдың қарашасына дейін облыс бойынша 410 502 өтініш қабылдап, тұрғындар қолына 432 334 дайын құжат берген. Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы 1 миллионнан астам кеңес беріп, 949 050 қызмет көрсетті. Халық ең көп жүгінген мемлекеттік қызметтің бірі — Қазақстан Республикасының ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу мәселесі. Жалпы адам саны 84 526.
««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйіне бару арқылы қызмет көрсетеді. Биыл ерекше жандар тарапынан HelpDesk жүйесі арқылы барлығы 555 өтініш түсті, оның ішінде 540 азаматқа қызмет көрсетілді. Қалған 15 азаматтарға құжаттар топтамасы толық болмауы, өз еркімен қызмет алудан бас тартуы, әрекетке қабілетсіз болуы сынды себептермен көмек бере алмадық. Корпорациямыздың фронт офистері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілгеннен кейін әр қызмет алушының ұялы телефонына смс-сауалнама түседі. Олар оған жауап беру арқылы көрсетілген қызметтің сапасын бағалайды. Бүгінгі күнге дейін 158 061 пікір қабылданды. Оның ішіндегі теріс пікірлердің саны 499-ға жетті. Бұл ретте, барлық фронт-офис басшылары experience жүйесіне шағым түскен сәтте бірден шағымданушыға қоңырау шалып, туындаған өзекті мәселесін шұғыл қарастырады», — дейді корпорация басшысы.
Сонымен қатар, қызмет алушылар мемлекеттік корпорацияның сервисіне қатысты 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы 42 арыз-шағым қалдырған. Самат Иманғалиев адамдар көбіне басқа аудандардан өңір орталығының мемлекеттік қызмет көмегіне жүгініп келеді. Алайда құжатының толық болмауына байланысты жұмысы аяқталмағаннан кейін ашуланып, теріс пікірлер қалдырып жататынын айтты. Десе де қазіргі таңда халыққа ыңғайлы болу үшін қалып қойған құжаттарын азаматтардың тұрғылықты мекен жайындағы филиалға хабарласып, электронды түрде жеткізіп алып жатырмыз деп сөзін тәмамдады.

Related Posts

Жетісу облысы

ТҰҢҒЫШ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады. Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді. Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш
Қоғам

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін 375 азаматқа 1,9 млрд теңге шағын несие бөлінді

Алматы облысына кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде шағын несиелер беруге 375 үміткер үшін 2,5% - бен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл шағын несиелер 5 жылдан аспайтын мерзіммен
Жетісу облысы

Жетісу облысында 31 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

Жетісу облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердегі су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізді. Мәселен, облыс бойынша су басу мүмкіндігі бар аймақта 31 елді мекен бар. Оның
Жетісу облысы

Майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу

Биыл Жетісуда 65 мың тонна соя жинау жоспарлануда, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында. Облыста бес кәсіпорын соя бұршақтарын қабылдаумен айналысады.