Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысы: Биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 343,6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда

Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақытнұр Бақытұлының мәліметінше, өткен жылы 4,4% өсіммен 320,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген. Сондай-ақ, облыстың өнеркәсіптік өндірісіне 540 өнеркәсіптік кәсіпорын тартылғанын атап өткен жөн.
«2024 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 1% өсіммен 343,6 млрд.теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін «Алацем» ЖШС, «Қайнар АКБ» ЖШС, «Жаркент крахамал — паточный завод» ЖШС, «Феникс Фид Милс» ЖШС және т.б. өндіріс көлемін ұлғайту, «Grindstone» ЖШС темірді тікелей қалпына келтіру өндірісі бойынша өнеркәсіптік қондырғыны іске қосу жоспарлануда, — деп басқарма Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында бөлісті.
Биылғы жылы 2015 жұмыс орнын құрумен 90 млрд. теңгеге 55 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, ең ірі жобалар: Ескелді ауданындағы қора өзеніндегі Коринская ГЭС 3, Сарқан ауданындағы Жоғарғы Басқан ГЭС 2,3 және Текелі қаласындағы «Текмет» ЖШС фероқорытпа өндіретін металлургиялық зауыт, құны 3,3 млрд. теңге, 65 жұмыс орнын құрумен сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында Алакөл ауданында тағы бір нысан пайдалануға берілді. Биылғы жылы Шығыс қақпасы АЭА, Қорғас ХШЫО-да бірқатар жобалар жоспарланған.
Облыста шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 58 914 бірлікке жетті.
«Кәсіпкерлерді қолдау үшін ұлттық жоба аясында биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті қолдауға 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Сондай-ақ, біз республикалық бюджеттен қаражат бөлуді күтеміз. Менің ойымша, ауданда жалпы құрамда 3,5-4 млрд теңге болады. Бізде бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары бар. Олар субсидиялау, кепілдік беру, гранттар және инфрақұрылымдық коммуникациялық желілерді жүргізу. Бұл шағын және орта бизнесті дамытып, өз жобаларымен, инвестицияларымен айналысуға, кәсіптерін іске асыруға үлкен әлеует береді. Себебі Даму Қоры тарапынан 13 пайыздан және одан жоғары субсидиялаудыкәсіпкерлер пайдалана алады», — деп толықтырды спикер.
Бүгінде Жетісу облысы — бұл жаңа мүмкіндіктер және инвестицияларды тиімді салу үшін зор әлеует. Облыста 5 стратегиялық бағыт бойынша жаңа инвесторларды тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп.
«2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста инвестиция тартуға қатысты 328 млрд теңге жоспарланды, бірақ жалпы саны 350 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Ал биылғы жылға 375 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда», — деп қорытындылады облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Related Posts

Жетісу облысы

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік  көмек  көрсету, отбасылардың өмір сүру
Жетісу облысы

Лепсі ауылының әрбір бесінші отбасы омарташы

Алакөл ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан пресс-турдың алғашқы нысаны Лепсі ауылындағы бал өндіретін «Лепсі өнімдері» ЖШС болды. Экологиялық таза бал өндіретін кәсіпорын қазіргі уақытта жылына 300 тоннаға дейін бал өнімін
Жетісу облысы

Ынтымақтастықтың табысты жемістері

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары IT-services & Education жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған кітаптарды дубляждайтын аудиостудия ашты. Салтанатты шара Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті.  Биыл
Жетісу облысы

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің