Жетісу облысыҚоғам

Құқық қорғау органдары академиясына түсуге іріктеу жалғасуда

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Экономикалық тергеу қызметі құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін жандар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялады. Құқық қорғау органдары академиясына түсудің талаптары туралы Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы Саматбек Нұрахметов БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.
Іріктеуге қатысу үшін үміткер тұрғылықты аймағына сәйкес онлайн-сауалнама толтыруы қажет. Анкетаны қабылдау аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Агенттіктің аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау және құзыреттілікті бағалауды ерікті түрде өтуге шақыру үшін кандидатпен байланысады.
«Іріктеуге қатысу үшін үміткерлерге тестілеуден, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өтуге және аумақтық бөлімшелерге тиісті құжаттарды беруге міндетті.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: ҚР Азаматтығы, жасы 18 жасқа толған, бірақ 35 жастан аспаған, жоғары білімді болуы тиіс. Экономикалық тергеу қызметі функционалдық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, анықтау, ескерту, тергеуші немесе криминалист лауазымдарына кәсіптік даярлауды жариялап отыр», — деді Саматбек Нұрахметов.
Спикер сөз барысында академияға түсуге мүмкіндігі жоқ тұлғаларды атап берді. Мәселен, бұрын сотталған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған, құқық бұзушылық жасап, сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылған жандар дарлыққа өтпейді.
Кезеңдік іріктеу бойынша ақпарат алу үшін, сондай-ақ, қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кандидаттар Агенттіктің аумақтық бөлімшелерімен өз бетінше байланысуы қажет. Атап өтейік, іріктеу 2024 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу спортшылары барлық деңгейлі жарыстардан бой көрсетіп жүр

Атап айтсақ, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан 914 медаль жеңіп алды. Спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік 214 спортшыға 55 мың теңгеден 443 мың теңгеге дейін ай сайын
Жетісу облысы

Текелі қаласында 15 апатты үй тіркелген

Текелі қаласының әкімі Алмас Әділдің айтуынша, бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл Текелі қаласында 470 млн.теңгеге 48 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 пәтер сатып алынды. Биыл төтенше жағдайлардың алдын
Жетісу облысы

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Алакөл көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат
Жетісу облысы

Жетісу облысының бірнеше тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

2004 жылы 23 қаңтарда Ескелді ауданында ауыр қаржылық қылмыс орын алды. Аталған ауданның «Қазпочта» ААҚ кассирі Гүлбану Бәзілбаева Қанат Исабаевпен сөз байласып, қызмет бабын асыра пайдаланды және зейнетақы мен жалақыға