ҚоғамМәдениет

Жетісу облысында өткен «Жайдарлы Жетісу» республикалық ойыны қорытындыланды

«КТК ойындарын ұйымдастыру және өткізу» басым бағыты бойынша  Жетісу облысында «Жетісу Жайдарман» шығармашыл жастар қозғалысы жобасы жүзеге асырылды. Оған Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы қолдау көрсетіп, «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жетісу облысы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған республикалық ойын туралы «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Дархан Асқанбаев айтып берді.

Спикердің айтуынша, Жайдарман ойынына республика бойынша барлық  өңірлерден жалпы саны 10 команда қатысты. Атап айтсақ, Шымкент қаласынан «Абырой», Алматы қаласынан «Эверест», «Алатау су», «Қабырғалар», «Энерго» командалары, Түркістан облысынан «Созақбай», Семей қаласынан «Шатыр», «Қыздар ЕМЕС»  және  Талдықорғаннан  «Шапалақ», Ескелді  ауданынан «Нар тәуекел» командалары қатысты.

«Жетісу облысы әкімінің кубогы үшін «Жайдарлы Жетісу» КТК республикалық  фестивалі жоғары деңгейде өтті. Төрешілердің шешіміне сәйкес, 1 орынды Семей қаласынан «Шатыр» құрамасы алды. Жеңімпаздар әкім кубогы мен 500000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. 2 орын Талдықорғаннан  400000  теңге ұтып алған «Шапалақ» командасына бұйырды. Ал  3 орын  және  300000  теңге Түркістан облысынан «Созақбай» командасына берілді. Сондай-ақ,  жүлделі  орын  алмаған  әр  командаға 100 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді», — деді спикер.

 

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан сұхбатын сарапшылар талдау жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаттын Талдықорған қаласының сарапшылары талдады. Жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы,
Қоғам

Түнде амбулатория жұмыс істемейді: Балқаш ауданында дәрігер тапшы

Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген мәжілісмендердің Балқаш ауданы халқымен кездесуінде мәлім болды. Ақдала ауылында бүгінде бір ауысымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Былтыр басталған медициналық мекеменің
Жетісу облысы

Декларация тапсырмаған азаматтар айыппұл төлейді

Облыс орталығында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Оған  жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қатысуда. Басты  мақсат  –  әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін
Қоғам

Министр Аида Балаева Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

Президенттік реформалар ұзақ мерзімді нәтиже беріп, Қазақстанның дамуы үшін берік іргетасқа айналуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Кездесуде Мемлекет басшысының