ҚоғамҚұқық

1 желтоқсаннан бастап көлік иелеріне айыппұл салынады

Темір тұлпар тағасын қысқа дайындамаған жүргізушілер 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың соңына дейін сақталып, 2024 жылдың алғашқы күнінде салық саны артады. Осы жайында Жетісу облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Диас Айнақұлов баяндады.
Спикердің айтуынша, желтоқсан айында жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелері 17 250 теңге айыппұл төлесе, қаражат саны жаңа жылдан бастап 18 460 теңгеге ұлғаймақ.
«Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын кешенді зерттеу аясында полиция департаменті әкімдікпен бірлесіп, жол және коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қысқы кезеңде көлік жолдарын күтіп ұстау дайындығына комиссиялық тексеру жүргізілуде. Тексеру кезінде арнайы жол техникасының жай-күйіне және инертті (тайғаққа қарсы) материалдың болуына баса назар аударылады», — деді спикер.
Өткен қыс мезгіліндегі деректерге сүйенсек, облыста жазғы дөңгелекпен жүру бойынша 500-ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның 30-ы жол-көлік оқиғасына әкеп соқты.
«Қазіргі уақытта қысқы жолдарды күтіп ұстауға 436 техника, 17669 тонна құм және 1505 тонна тұз бөлінген. Облыстық полиция департаменті қыс мезгілінің басталуына байланысты жолдарда аса сақ болуға әрі белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауға шақырады. Жол мен метрологиялық жағдайларды ескере отырып, қауіпсіз арақашықтық пен жанама аралықты сақтауды ұсынады. Алыс сапарға шықпас бұрын көлігіңіздің техникалық жағдайына және жазғы дөңгелектердің қысқыға ауысуына баса назар аударуыңыз қажет», — деп түйіндеді сөзін Диас Айнақұлов.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес қарқынды жүргізілуде

Бүгінгі күні облыс бойынша 341 интернет-алаяқтық жағдайы анықталса, оның басым көпшілігі, 207 жағдайы облыс орталығы Талдықорған қаласында орын алған. Текелі қаласы бойынша – 31, Алакөл ауданында 21, Көксу ауданында 18
Қоғам

Аманаттықтар вандализммен күресуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда. Кеше осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтіп, оған белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс
Қоғам

Елмен бірге дауыс берді

№349 референдум учаскесіне басқалармен қатар қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Е. Семенов келіп, таңдау жасады.  Мүмкіндігі шектеулі бола тұра спорттық шаралардан қалыс қалмайтын азамат қала тұрғындарын белсенділік танытып, саяси науқаннан
Жетісу облысы

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның  ішінде