Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 221 адам АИТВ жұқпасын жұқтырған

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Аталған инфекция бойынша өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары баяндады.

 


Орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Гульмира Жақанованың айтуынша, облыста АИТВ жұқпасының алдын алуға арналған бағдарламалар қолға алынған. Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және антиретровирустық емді уақтылы және үзбей қолдануды күшейтуге арналған кешенді жұмыстар қарқынды.

«Жалпы өңірде АИТВ жұқпасына қатысты эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Облыста бұл ауруға шалдыққан 3000-ға жуық адам тіркелген. Биыл АИТВ жұқпасын 221 адам жұқтырған. Оның ішінде 2-уі 14 жасқа дейінгі бала. Науқастардың 76,5 пайызы ауруды жыныстық жолмен, 12,2% инъекциялық препараттарды қолданған кезде жұқтырған»,- дейді Гульмира Жақанова.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда вирусты жұқтырғандардың жас айырмашылығы 15 пен 49 аралығындағы көрсеткіш бойынша әйел адамдармен ер адамдар саны теңескен.

«АИТВ-ны 3 түрлі жолмен жұққызуға болады. Қанмен немесе қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және жүктілік кезінде анадан балаға беріледі. Вирус адам ағзасына түскеннен кейін бірден пайда болмайды. 3-6 айдан кейін ғана анықталады. Себебі, АИТВ бірден клиникалық көрініс бермейді. Сондықтан адамдар өздерін жақсы сезініп жүре береді. АИТВ — ны тек қана қан тапсыру арқылы сараптама нәтижесінде анықтайды. Осы індеттен өзімізді және жақындарымызды қорғау үшін барлық қорғану шараларын қабылдауымыз керек», — деді инфекционист-дәрігер Саниям Масимжанова

Сонымен қатар, мамандар эпидемиологиялық бөлімнің қызметі туралы баяндады. Мұнымен қоса, мемлекет заңнамалық деңгейде АИТВ ауыратын адамдарды стигма мен кемсітушіліктен қорғайтынына және бұл туралы халықтың барлық санаттары, әсіресе жұмыс берушілер білуі тиіс екендігін баса айтты.
Айта кету керек, кез келген адам АИТВ-ны анықтау үшін құпия және ерікті түрде учаскелік емханаға немесе ЖИТС орталығына барып қан тапсыруына болады.

Related Posts

Жаңалық

Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

  Қарасай ауданының экономикалық өсімі қарқынды түрде жалғасуда. Өндіріс көлемі 360 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров
Жаңалық

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная 19 мекенжайында арнайы пункт ашылды. Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден
Жаңалық

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артты

Жетісу облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны артып отыр. Өткен жылғы эпидкезеңмен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. ЖРВИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар жиі сырқаттанады. Олар 68,2%.   «ЖРВИ мен тұмаудың 2023-2024жж. эпидемиялық маусымында
Жаңалық

МӘМС: Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34