Жаңалық

Енді жеке клиникаларға талап күшейтілмек

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі емханалардағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсінік берді.

«Біріншіден, цифрландыру дамып келеді. Әрине, біз мұны бір жылда іске асыра алмаймыз. Бұл бағытта ауқымды жұмыс бар. Қазақстандағы медицина саласында цифрландыру жақсы дамып отыр. Қазір тұрғындарды тіркеуге арналған қосымша жасақталған, сондай-ақ адамдар алдын ала жазылып, анализдерін алып, дәрігерге хабарласа алады. Екіншісі – инфрақұрылым. Мәселен, кейінгі 30-40 жыл ішінде негізінен мегаполистерде кезек пайда болды, яғни ірі қалалық емханалар сұранысқа сәйкес салынбады. Өзінің мүмкіндігіне қарай Астанадағы бір емхана 60 мың адамға қызмет көрсетуі керек. Ал шын мәнінде 80-90 мыңды қамтып отыр», – деді А. Ғиният Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, емханалардың аздығы ұзын-сонар кезекке алып келеді.

«Бұл өз кезегінде дәрігерге және халықтың санына есептелмеген инфрақұрылымға қосымша жүктеме. Сондықтан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жеке клиникаларға мемлекеттік тапсырыс беру туралы шешім қабылданды. Келісімшарт міндеттемелерін нақты орындайтын жеке клиникалар бар, сондай-ақ қызметтерінің 80 пайызын аутсорсингке беретін емханалар да кездеседі. Осының салдарынан кейбір тұрғындар дәрігерге қаралу үшін қаланың түкпір-түкпіріне баруға мәжбүр. Бұған жол бермеу тұрғысында талаптарды күшейтпекпіз. Медициналық көмектің сапасын талап етеміз», – деді министр.

Related Posts

Жаңалық

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста
Жаңалық

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру едәуір өсті. Жыл басынан Алматы облысы бойынша сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар
Жаңалық

Шеңгелдіде мал жаятын жер жоқ – ауыл тұрғындары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Қонаев қаласындағы кездесуінде тұрғындар Шеңгелдіде жайылым жердің тапшылығына шағымданды. Айтуларынша, бұл мәселе көптен бері өз шешімін таппай келеді. Ал ауылдың жан-жағы түгел суармалы алқаптар, ауыл
Жаңалық

Алматы облысында “Есірткіге жол жоқ” айлығы бастау алды

Айлық ішінде барлық құзіретті органдар бірлесе облыс бойынша есірткіні қолдануға шақыратын жазбаларды өшіру, жарнамаларын жою, өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын жүргізетін болады. Алғашқысы бүгін Қонаев қаласында өткізілді.