Жаңалық

Алматы облысында 5 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым айынан бері тоқтап тұр. 600 орынға арналған білім ошағының іргетасы 2021 жылы басталған.

«612 бала қазір 60 жыл бұрын салынған мектепте оқып жатыр. Кабинет жетіспейді. Жаттығу залында спортпен шұғылдануға мүмкіндік жоқ. Ата-аналар мен ұстаздардың арманы жаңа мектепке көшу. Жаңа мектептің тезірек ашылуына жан-жақты қолдау көрсетсе екен», – дейді Төле би орта мектебінің директоры Қази Искаков.

Осы мәселені жалғаған «AMANAT» партиясының өкілдері аталмыш нысан партияның жіті бақылауында екенін айтты.

«Мектеп құрылысына 1 млрд 489 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. Бас мердігер соның өзі жетпей қалғанын айтады. Өйткені жобаның жалпы құны 3 млрд теңгеден асады. Сондықтан құрылыстың тұралап қалғанын жасырмайды. Бұл жұмысты партия мүшелері бақылауда ұстамақ», – облыстық партия филиалы төрағасы Қуат Байғоджаев.

Аманаттықтар алдағы уақытта білім және құрылыс басқармаларын фракция отырысында тыңдап, қатаң шара қолдану керектігін айтты.

Сонымен қатар, бұл нысанды Мәжіліс депутаты, партияның бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев республика көлемінде көтермек.

Related Posts

Жаңалық

Қарасайда науқастың жүрегіне электрлік кардиостимулятор орнатылды

64 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны талай жылдан бері жүректің ишемиялық ауруымен күресіп келген. Бұл - жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Шілденің соңында азамат инсульт
Жаңалық

Алматы облысында референдумға дайындық жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Мейрамгүл Айтова 2024 жылдың 6 қазанында өтетін референдумға дайындық барысы туралы баяндап, маңызды ақпараттармен бөлісті. Бұл референдумда ел тұрғындары АЭС
Жаңалық

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар белгілі болды

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды. «Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге,