Жаңалық

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы бәйгеге шабатын аттар белгілі болды

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды.

«Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», — деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II келген Бақторы, шабандоз — Ділнұр Нұрмұқаш. Сениорита есімді жылқы үшінші келді. Шабандозы – Абзал Тұрмыс.

Топ бәйгеде топ жарған жылқы Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орында Маймақ, шабандоз — Абзал Тұрмыс. Үшінші орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.

Жорға жарыс қорытындысы бойынша I орынды Аквамарин, шабандоз — Евгений Чибисов. II орын —Триумф, шабандоз — Әлия Тоқтасынова. III орын Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы.

Ал Аламан бәйгені алған Виза есімді жүйрік, шабандоз — Алихан Бақытханұлы. Екінші келгенКүрең ат, шабандоз — Арнат Мұратхан. Үшінші орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз – Мәди Жолшыбек.

Еске сала кетейік, Республикалық бәйге федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС:Созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек алады?

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек ала алатынын мәлімдеді. Айтуларынша, созылмалы аурулар бойынша медициналық көмек алу үшін науқастың диагнозы қойылуы керек. Медициналық
Жаңалық

Қаржы пирамидасы – қоғамды дендеген дерт

Б.Құранбек ағамыз көзі тірісінде көтерген әлеуметтік мәселелердің бірден  бірі  – қаржы пирамидасы. Кезінде «Айтуға оңай» бағдарламасында көтерілген тақырып бүгінде алып бәйтеректей тамыры жайылып, үлкен кеселге айналып барады. Ең  өкініштісі оның
Жаңалық

Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

  Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирус симтомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші,немесе төртінші сатысынан хабар беретіні
Жаңалық

Алматы облысында кәсіпкер шылаушын өсіріп отыр

Ақдала ауылында тұратын Мархабат Қуандықов калифорниялық қызыл құртты көбейтіп, топырақтың құнарын арттыратын биогумос өндіріп жатыр. Соның арқасында биыл бау-бақшасы да берекелі болды. Мархабат Қуандықовты шылаушын өсіруге достары шақырған. Былтыр Алматыдағы