Жетісу облысы

Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

15 тамыздан 1 қазанға дейін тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. Онда департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлері, еріктілер және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бірінші кезектегі халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары профилактикалық іс-шаралармен қамтылатын болады.

Бүгінде есепте 7054 халықтың  әлеуметтік осал топтары бар. Сонымен қатар, облыс бойынша 132 мыңнан астам жеке тұрғын үй және 1656 көппәтерлі тұрғын үй есепке алынды.

Айта кетейік, өткен жылыту  кезеңінде 2023-2024 ж.ж. 137 өрт тіркеліп 3 адам қаза тауып, бір адам жарақаттанған болатын. Қазіргі уақытта алдағы 2024-2025 жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары дайындалуда.

Жыл басынан бері 190 өрт тіркелді. Оның 70 пайызға жуығы тұрғын секторында орын алған. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды барынша мұқият болуға шақырады.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда 75 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы вакцина салдырды

Елімізде қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Облыс бойынша маусымдық тұмауға қарсы екпені бүгінгі күнге 75 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Жетісу облысы
Жетісу облысы

Наурыз мейрамы мен Қасиетті Рамазан айына арналған санитарлық-эпидемиологиялық шаралар

Наурыз мейрамы мен Рамазан айының басталуына байланысты Жетісу облысында тамақтан улануды қоса алғанда, ықтимал аурулардың алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов осы
Жетісу облысы

Жетісу облысында жұқпалы аурулар белең алып тұр

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар оның ішінде вирусты гепатит А, қызылша, көкжөтел белең алуда. Жетісу облысы бойынша қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1496 жағдайы тіркеліп, оның 1139 жағдайы расталды. Оның ішінде 1035 жағдай
Жетісу облысы

Майлы дақылдарды өндіру және қайта өңдеу

Биыл Жетісуда 65 мың тонна соя жинау жоспарлануда, деп хабарлады облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиков Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында. Облыста бес кәсіпорын соя бұршақтарын қабылдаумен айналысады.