Жаңалық

Жастарға жалға беру үшін 10 мыңға жуық пәтер сатып алынады

Республикалық маңызы бар қалаларда жастарға 3 мың жалдамалы пәтер сатып алу үшін 32,3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрді бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.

«Жастар жылының ашылу салтанатындағы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында 2019-2022 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған 10 мыңға жуық жалға беру пәтерлері салынды. 2023-2025 жылдары аталған қалалардың әрқайсысында қосымша 3 мың жалға беру пәтерлерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 32,3 млрд теңге бөлу жоспарлануда», – деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, ол басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдары өздерінің дайындығы мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істейтін жастар үшін жергілікті бюджет есебінен жалға берілетін тұрғын үй салу мәселесін қарастыратындығын атап өтеді.

«Өз кезегінде, сатып алу құқығынсыз жалға беру тетігі жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін бастапқы жарнаға қаражат жинауға бағытталған. Мұндай жүйе азаматтарды қаражатты ұқыпты жинақтауға және тәуелді көңіл-күйді төмендетуге ынталандырады», – деді Роман Скляр.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны 426 117 адамды құрайды. Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET
Жаңалық

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілер құрметке бөленді

Алматы облысында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өңірдің түкпір-түрпірінде ауқымды шаралар өтті. Сала мамандарының елдің өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне лайықты баға берілді. Негізгі шара Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев саябағында ұйымдастырылды. Онда
Жаңалық

72 000 туристов за полгода: Алматинская область — магнит для путешественников

Алматинская область настоящий райский уголок с живописными ландшафтами, яркими достопримечательностями и сакральными места привлекает все больше туристов. За последние полгода регион посетило более 72 тысяч человек. Туристов манит не только