Жаңалық

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай жұмыстар атқарылатыны туралы ақпаратпен бөлісті.

«Облыстың 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Сондай-ақ 2 қыркүйекте Қонаевтың Бас жоспары бекітілді. Жоспарға сай, жаңа шаһардың аумағы 19 мың гектарды қамтиды. Халық саны 2050 жылға қарай 200 мыңға жетеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысының сөзінше, негізгі әкімшілік ғимараттар Қонаев қаласының қазіргі аумағында салынады. Жақында жаңа әкімшілік-тұрғын үй орталығын салуды көздейтін қаланы дамытудың Кешенді жоспары қабылданады.

Ал 2-ші кезеңде «Жаңа Іле» алаңы игеріледі. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдениет, білім беру ғимараттары, тұрғын-үй кешендері және рекреациялық мақсаттағы нысандар салынады.

Бүгінде шаһар маңындағы саяжайлардың да болашағы белгілі болған. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Бас жоспарға сәйкес, 6 мың адам тұратын 9 саяжай алқабы қала шекарасына енгізілді. Олардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады.

Аталғандардан басқа, аймақ басшысы облыста құрылыс нысандарын салуға талап күшейтілгенін атап өтті. Мысалы, Қонаевта салынып жатқан 10 көпқабатты үйдің жетеуінің жобасы толықтыруға жіберілген. Оларға қасбетіне, абаттандыруға, автотұраққа байланысты ескертулер берілген.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау басталды

Аймақ жастарының басын қосатын жобаға өтінімдер қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасын табады. Облыста 14 пен 35 жас арасындағы 426 117 мың жас бар. Түгелі дерлік өз қалауларынша «Жасыл ел» еңбек
Жаңалық

Алматы облысында күдіктілерден 6,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақша тәркіленді

Алматы облысының қаржылық мониторинг департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізгені анықталды. Жалған ақшаны кезекті
Жаңалық

В Алматинской области состоялось соревнование «Қажымұқан жолы»

В соревнованиях приняли участие девять сильнейших батыров Алматинской области, представляющие юношескую и взрослую возрастные категории с весом более 90 кг, из различных районов области и города Конаева, обладающие спортивной подготовкой.