Жаңалық

Марат Сұлтанғазиев Қытай инвесторларымен маңызды келісімге қол қойды

Алматы облысының әкімі қытайлық компаниялармен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады

Алматы облысының әкімі өңірге инвестиция тарту және экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін талқылау мақсатында қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «БЕНТ» ЖШС мен Shandong By New Material CO., LTD компаниясы арасында ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамдардың бірі болды.

«БЕНТ» ЖШС – Қазақстандағы темірбетон шпалдар мен рельс бекіткіштерін өндіру бойынша жетекші кәсіпорын. Кәсіпорынның негізгі серіктесі – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы. Жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіретін қытайлық Shandong By New Material CO., LTD компаниясымен жасалған келісім өңірде инновациялық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл әсіресе құрылыс саласы үшін маңызды қадам болмақ.

«Әкімнің қолдауының арқасында біз Алматы облысында инновациялық өнім – сұйық бетон өндіретін бірлескен кәсіпорын құру үшін ірі қытайлық инвесторды тарта алдық. Бұл материал құрылыс саласына арналған бірегей шешім болып табылады және инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде ирригациялық каналдарды салуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді», – деді «БЕНТ» ЖШС басшысы.

Фото: gov.kz

Shandong By New Material CO., LTD өкілдері де ұзақ мерзімді серіктестікке және қазақстандық бизнесті қолдауға мүдделі екендіктерін жеткізді. Олардың айтуынша, Алматы облысы өзінің тиімді географиялық орналасуы және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайларымен инвестиция құюға үлкен әлеуетке ие.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам және өңірде жаңа өнеркәсіптік және құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін берік негіз қалыптастырады.

Related Posts

Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз 1536 жағдай тіркеліп, оның 1176 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 51 552 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби – 5732, 2-4 жастағы бала – 32 541, медициналық
Жаңалық

Алматы облысында тазалық пен қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау күшейтілді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев аппарат жиынында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы рейдтік шараларды күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы аудан, қала әкімдіктері, құқық қорғау, экология және төтенше жағдай департаменттеріне «Таза Қазақстан» мен
Жаңалық

Алматы облысы: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына 14 қызметтік көліктің кілті табысталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту және нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатыр. Оның аясында биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 60 жаңа көлік сатып алынып,
Жаңалық

Қарасайда 9 млн теңге тұратын ота МӘМС есебінен тегін жасалды

Қарасай клиникалық көп бейінді аудандық орталық ауруханасы Алматы облысындағы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. Нысанға 280 мыңнан астам адам тіркелген. Бүгінде оларға медициналық көмек МӘМС есебінен тегін көрсетіліп отыр.