Жаңалық

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

Қазақстан азаматы есірткі затын дайындау кезінде ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

5 келіге жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында туризмді дамытуға 58 млрд теңге инвестиция тартылады

Мерекелік демалыс күндері Алматы облысының әкімдігі мен бір топ инвесторлар арасында Ой-Қарағай шипажайын дамыту жобасына қажетті жағдайлар жасау және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қою ресми рәсімі өтті. Қол жеткізілген
Жаңалық

Алматы облысында былтыр 160 мың адам тұмауға қарсы екпе алды

Алматы облысында жыл басына 144 адам тағамнан уланған. Олардың 22-і стационарда қалған 122-і амбулаториялық ем қабылдаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөлімнің басшысы Әділет Садибеков баспасөз-мәслихатында мәлімдеді,
Жаңалық

Қонаевтық дәрігерлер ер адамның аяғын кесуден сақтап қалды

Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған. Дәрігерлер
Жаңалық

Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   Мен «жұмыс істемейтін