Жаңалық

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Бұл білім ордасы заман талабына сай, жаңа құрылғылармен жабдықталған және оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған. Мектептің ашылу салтанаты ауыл тұрғындары, облыс басшылығы, құрметті қонақтар мен мектеп ұжымының қатысуымен өтті.

Салтанатты шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара, «Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы, сондай-ақ облысымыздың құрметті азаматтары, ақжаулықты аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу рәсімі Исағұлова Гүлсараның құттықтау сөзімен басталды. Ол өз сөзінде білім беру саласындағы осындай маңызды жобалардың қоғамның дамуына тигізетін оң әсерін атап өтіп, жергілікті кәсіпкерлердің игілікті істеріне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған бұл мектептің ауыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

«Kapital Construction» компаниясының президенті және мектеп құрылтайшысы Төренияз Ринат Оралсейітұлы да жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, өз сөзінде: “Бұл мектепті салу мақсатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамасында 1000 мектептің салынуына орай, кәсіпкерлер өз үлесімізді қосайық деп мектеп салып бастадық. Бірінші мектебімізді Іле ауданында аштық, екінші мектебімізді Еңбекшіқазақ ауданында ашып жатырмыз,” — деп атап өтті.

Сонымен қатар, мектептің құрылыс жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгені және оның халықтың талап-тілектеріне толық жауап беретіндігі туралы айтты.

Бұл білім ордасы 1500 орындық, ал оның құрылысына 5,6 миллиард теңге қаражат жұмсалған. Мектептің жаңа ғимараты заманауи талаптарға сай жабдықталған және оқушылар үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтылған.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Алматы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнара Сағатқызы Жошыбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектептің ауыл жастарына білім мен даму жолында үлкен мүмкіндік сыйлайтынын атап өтті.

Мектептің алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушылары Шерзат Асия мен Қалдыбек Мейрамбекке тапсырылды. Қоңырау үнімен бірге жаңа оқу жылының басталғаны жарияланды.

Жаңа мектептің ашылуы — Алматы облысының білім саласына қосқан үлкен үлесі әрі ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Енді осы жерде көптеген талантты шәкірттер тәрбиеленіп, олар еліміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосатын болады.

Related Posts

Жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

  Қытай елінің басшысы Қазақстан Президентін Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Содан кейін мемлекеттер
Жаңалық

Архивтегі революция: Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты

Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ облыстық әмбебап кітапханаға 400 данаға тарта кітапты тарту етті. Кітапхана қорын толықтырған бұл жазбалар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия
Жаңалық

Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды

Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдейтін «Qazaq Global Food JV» зауыты іске қосылды. Мұндай кәсіпорынның елімізде өзге баламасы жоқ. Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында салынған жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция
Жаңалық

Дәрігерлер тілме ауруына шалдыққан науқасты құтқарды

Алматы облысында тілме ауруына шалдыққан азамат МӘМС есебінен қажетті медициналық көмек алды. Бұл дерт – терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене