Қоғам

Алматы облысында көктемде жөнделген жол қайтадан бүлінді

Алматы облысында биыл сәуір айында жөндеу жүргізілген жол жүк тасымалының кесірінен қайта бүлінген

Бұл туралы inform.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

«Ұзынағаш – Күрті» облыстық тас жолы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы карьерден республикалық маңызы бар Бурылбайтал – Күрті автожолының құрылысына қажетті құрылыс материалдарын тасымалдау үшін қолданылады. Аталған жолға сәуір айында жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда жүк көліктерінің рұқсат етілген салмақтан асыра жүктелуі салдарынан жол жамылғысы бүлінген.

Осы себепті Алматы облысының әкімдігі Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен мердігер KLV Insaat компаниясына жолды қалпына келтіру жөнінде талаппен үндеу жолдаған.

— Қазіргі уақытта мердігер «KLV Insaat» кәсіпорны шұңқырларды уақытша жөндеу жұмыстарын жүргізді. 2025 жылы Бурылбайтал – Күрті автожолын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін Ұзынағаш – Күрті жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деп хабарлады әкімдіктен.

Related Posts

Жетісу облысы

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ДАУЫС БЕРДІ

Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде дауысын берді. Мұндай тарихи оқиғадан қалыс қалғанды жөн көрмеген жас жігіт,
Жетісу облысы

«Айсұлудың» қыздары-ай!

«Айсұлу» тігін фабрикасының 70 қызметкері ұжым болып дауыс берді. Талдықорғандағы №402 референдум учаскесіне келіп, дауыс беріп жатқан адамдардың қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер
Қоғам

Елмен бірге дауыс берді

№349 референдум учаскесіне басқалармен қатар қолкүрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Е. Семенов келіп, таңдау жасады.  Мүмкіндігі шектеулі бола тұра спорттық шаралардан қалыс қалмайтын азамат қала тұрғындарын белсенділік танытып, саяси науқаннан
Жетісу облысы

2023 жылы Жетісу облысында 800-ден астам тұрғынды қаңғыбас ит қапқан

Жетісу өңірінде қаңғыбас иттердің қаптауы өзекті мәселелердің біріне айналды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілерде азаматтардың арыз-шағымдары жазылған жазбалар қарқын алуда. Тұрғындардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді? Қандай шаралар қабылдау қажет? Жетісу