Қонаев қаласында қоқыс тастау ережесін бұзған азамат бейнебақылау камералары арқылы анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Alatau24.kz.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері тұрмыстық қоқысқа арналған контейнерге тастауға тыйым салынған қалдықтарды көлікпен әкеліп төккен азаматты анықтаған.
Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы автокөліктің қозғалысын бақылап, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Азамат заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері қалдықтардың әр түрін жинау мен шығарудың белгіленген тәртібі бар екенін еске салды. Аталған талаптарды сақтамау қаланың санитариялық жағдайына және қоршаған ортаға кері әсер етеді.
Қазіргі уақытта Қонаев қаласында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.
https://www.instagram.com/reel/DgMOREURCzs/?cnvx=azN3NGcwa2JvbXpq



