Мазмұнға өту

Қонаевта қоқыс тастау ережесін бұзған тұрғын жауапқа тартылды

4 0 Құқық

Құқық бұзушы бейнебақылау камералары арқылы анықталды

Қонаевта қоқыс тастау ережесін бұзған тұрғын жауапқа тартылды
Screenshot

Қонаев қаласында қоқыс тастау ережесін бұзған азамат бейнебақылау камералары арқылы анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері тұрмыстық қоқысқа арналған контейнерге тастауға тыйым салынған қалдықтарды көлікпен әкеліп төккен азаматты анықтаған.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы автокөліктің қозғалысын бақылап, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Азамат заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Screenshot

Полиция қызметкерлері қалдықтардың әр түрін жинау мен шығарудың белгіленген тәртібі бар екенін еске салды. Аталған талаптарды сақтамау қаланың санитариялық жағдайына және қоршаған ортаға кері әсер етеді.

Қазіргі уақытта Қонаев қаласында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

https://www.instagram.com/reel/DgMOREURCzs/?cnvx=azN3NGcwa2JvbXpq

Мәтіннен қате таптыңыз ба? Белгілеп, Ctrl+Enter басыңыз.

560 млрд теңгенің өнімі, 7 жаңа мектеп, газдандыру және стадион құрылысы: Алматы облысының Талғар ауданында қандай ірі жобалар іске асырылуда?Келесі материал560 млрд теңгенің өнімі, 7 жаңа мектеп, газдандыру және стадион құрылысы: Алматы облысының Талғар ауданында қандай ірі жобалар іске асырылуда?