Жаңалық

Жетісу облысындағы бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы

Жетісу облысында бруцеллездің эпидемиологиялық ахуалы күрделі боп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда  сырқаттанушылық 43,7%, яғни 81-ден 116 жағдайға дейін өскен. Науқастардың 14 – бала, 13 – жасөспірім.

«Эпидемиологиялық қолайсыздықты Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, аудандары мен Текелі қаласы қамтып отыр. Сырқаттанушылық көрсеткіштері облыстық (17,2) көрсеткіштен 1,6 – 3,2 есе жоғары», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Аймақта топтап ауру жағдайлары тіркелмеген. Бір ошақтан 2-4 адамнан науқастанып отыр. Тұрғындар бруцеллезді негізінен жеке сектордағы малдардан жұқтырған.

Жалпы, бруцеллез ауруын жұқтыру оңай. Ал, одан сауығу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Уақытында ем қабылдамаған жағдайда белсіздікке, мүгедектікке әкелуі мүмкін.

«Инфекцияның негізгі көзі жеке сектордағы ауылшаруашылық жануарлары. Бұл жұқпамен негізінен: қой, ешкі, сиыр, түйе, сонымен қатар шошқа, иттер ауырады. Адам бруцеллезбен алиментарлы жолмен – ауру малдың сүті мен сүт өнімдерін пайдаланғанда, жеткіліксіз термиялық өндеуден өткен немесе шикі ет өнімдерін тағамға пайдаланғанда жұқтырады. Сондай-ақ ауру малды күткенде жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамаудан: ауру малдың бөліністерімен залалданған құралдарды, малдың жүнін қырқу, малды сою, терісін сыпыру кезінде, жиі мал төлдету науқаны кезінде малдың шуы, туған қозыны ауыздандырып емізу кезінде жұғады», дейді ол.

Бруцеллез жұқпасының алдын алу үшін жануарлар күтіміне байланысты барлық жұмыстарды, әсіресе төлдеу науқанында арнайы қорғаныш киім киюмен жүргізу, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау керек. Жеке шаруа қожалықтар малдарды жайлауға шығарар алдында міндетті түрде бруцеллезге тексерту керек. Сонымен қатар соғым уақытында жоғарыда айтылған алдын-алу шараларын ұстанған абзал.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 85 адам құтқарылды

Суға бату жағдайы тек жаз айларында ғана емес қүзде және қысқы мезгілдерде орын алады. Әсіресе әуесқой балықшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы оқыс оқиғаға алып келеді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің айтуынша су
Жаңалық

Алматы облысында көпбалалы ана үшем босанды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Көпбалалы ана үшем босатынын естіген сәттен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің ерекше бақылауына алынды. 30 апталық мерзіміне жеткенде
Жаңалық

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1404 жағдай тіркеліп, оның 1045 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі