Жаңалық

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.

2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңгені құрайды, яғни дербес төлеушілер ай сайын 3 500 теңге жарна төлейді (1 ЕТЖ-ның 5%) — немесе жылына 42 000 теңге. Банктер осы соманы ағымдағы жылдың соңына дейін алдағы 12 айға жарналар ретінде қабылдайды. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңгеге дейін өсетіндіктен, бұл төлем 51 000 теңгеге дейін ұлғаяды.

 «Сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен немесе алдағы 12 айларға төлем болу керек. Екінші жағдайда төлеушілер алдағы жылға мәртебе алады. Яғни, қазір алдағы бір жылға сақтандырылу үшін 2024 жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейінгі аралыққа жарналар төлеп шығу керек», — деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева.

Осылайша, 2023 жылдың желтоқсан айында сақтандырылған мәртебесін алған дербес төлеушілер 9 000 теңге үнемдей алады. Қазақстандықтар үшін МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:

  • Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
  • fms.kz ресми сайты
  • Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
  • 1414 байланыс орталығы
  • Damumed мобильді қосымшасы
  • Halyk мобильді қосымшасы
  • BCC.KZ мобильді қосымшасы
  • Kaspi.kz мобильді қосымшасы
  • egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

Related Posts

Жаңалық

Алтын балалық шақ: Алматы облысында балалар күні қалай аталып өтеді?

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматы облысында арнайы атпалық ұйымдастырылады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыс көлемінде 1-10 маусым аралығында өтетін арнайы он күндік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің
Жаңалық

«Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  қолдауымен биылғы жылдың қараша айына дейін «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда. Бұл жайлы аталған бірлестіктің  үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы
Жаңалық

Алматы облысында жылу электр орталықтары  2026  жылға қарай газға қосылады

Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту үшін  кешенді Жол Картасы бекітілген еді. Бас құжат  2023-2025 жылдар аралығында қызмет етуі тиіс.  Аймақтық мәселенің түйінін тарқатуға негізделген бұл карта ҚР экология министрі мен
Жаңалық

«Қонаев» ӘКК қаражатты депозитке салған — Жоғары аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата Алматы облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне аудитті аяқтады. Оның нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен палата отырысында қаралды. Мемлекет басшысының бастамасы аясында Алматы облысы 2022 жылы Жетісу облысының