Жетісу облысыҚоғам

Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Қазақтың тойы бітпесін» спектаклінің премьерасы өтті

Күні кеше Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында осы жылдың кезекті премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Жәнібек Әлікеннің «Күйеу бала» шығармасының желісі бойынша сахналанған «Қазақтың тойы бітпесін» қойылымы өзіндік жаңашылдығымен көзіқарақты көрерменнің көңіліннен шықты.

Бұл қойылымда талқыланатын тақырып, өзекті мәселелер көп. Әр көрермен өзі түсіне алатын тақырыпты, өзіне жақын өзектілікті таңдап алады.Режиссер  қойылымды ұсына отырып, қазақ жігіттеріне барынша үндеу тастаған.

Әр қазақ қызына өзіміздің қарындасымыз немесе әпкеміз ретінде қарамасақ, ертең талан-таражға салынып, қазақ намысын қорғайтын ұрпақ қалыптаспауы мүмкін деген үндеу болды. Қазақ жігіттеріне орнынан тұрып, алға қарай қозғалып,  өз ұлтына және өз болмысына жанашырлықпен қарап, тек бүгінгі күн үшін емес, болашақтың қамы үшін жанпида етуді астарлап жеткізген.

Спeктакль драма жанрында болғанымен, онда комедия элементтері көп. Мысалы, ауыл әйeлдерінің әңгімeлері мен әзілдері көрерменді күлдірмей қоймады.

Автор аралас неке мәселесімен қоса, актуалды біраз тақырыптарды көтереді. Мәселен, өскелең ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ауылдың азып-тозуы, тіпті экономикалық мәселелер де қалыс қалмаған.

Жақынын  жатқа  қимаған қазақтың бүгінгі тәрбиесімен, махаббатын өзге  ұлттан  іздеген қазақ қызының таңдауы қазіргі қоғамның шынайы бейнесі. Драманың ой салар біршама тұсы бар.Қоюшы режиссер Данияр Базарқұловтың еңбегі ақталған секілді.  Қаракөз қыздарымыз бен жігіттеріміз осы қойылымнан ой түйетініне күмән жоқ. 

Related Posts

Жетісу облысы

Неліктен бізге кассалық машиналар керек?

ҚР Салық кодексінің 166-бабында қолма-қол ақшамен есеп айыры-суды және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем карточкаларымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасын пайдалану міндетті болып табылады деп көрсетілген.
Жетісу облысы

Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысында жыл басынан мал ұрлаудың 80 фактісі тіркелді. Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек
Жетісу облысы

«Босс-Молокосос» Талдықорғанда таңдау жасады

Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты. Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді. «Референдум - қазақстандықтар үшін маңызды
Жетісу облысы

Сарқанда «Зарянка» этноорталығының өкілдері референдумға белсене қатысты

Сарқан ауданы Қойлық ауылдық «Зарянка» этно орталығының өкілдері өз дауыстарын берді. Этно орталық мүшелері Қойлық ауылында өткізілетін барлық іс-шараларына белсене ат салысады. Аталған орталықтың ауыл бойынша ұлтаралық қатынастарды нығайтуда үлесі