Жаңалық

Қатерлі ісікке шалдыққан: жамбылдық науқас ауруынан құлан таза айықты

Самсы ауылының тұрғыны өкпесінде қатерлі ісік барын тіркелген ауруханасындағы дәрігер-терапевтінен білген. 3 баласы бар науқастың айтуынша, ауру белгілері былтыр желтоқсан айында пайда болыпты. Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел қызмет барысында өкпесі қысылып, жиі ентіге берген. Кейін бұл белгілер ауыр жөтелге ұласқан. Бірден дәрігерлер кеңесіне жүгінген. Алдымен кеуде тұсын рентгенге түсіріп, қажетті зерттеулерден өткен. Одан кейін компьютерлік томография тексеруі тағайындалған. Жамбыл аудандық аурухасында терапия бөлімінің меңгерушісі тапсырылған сараптама нәтижесін мұқият шолып, өкпеде қатерлі ісік болуы мүмкін деген күдігін жеткізген.

«Алғаш естігенде маған өте ауыр болды. Сенбедім. Дәрігердің айтуы бойынша бронхоскопиядан өттім. Бұл тыныс алу жүйесінде, әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын арнайы әдіс. Нәтижесінде терапевт айтқан диагноз расталды. Экраннан ісікті көрсетті», — дейді 33 жастағы науқас.

Дәрігерлер өкпедегі қатерлі ісікті хирургиялық ем арқылы алу керектігін айтқан. Онкология және радиологиялық қазақ ғылыми-зертеу институтына жолдаманы Жамбыл аудандық ауруханасы берген. МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұрғын отадан, оған дейінгі зерттеулердің барлығынан тегін өткен.

«Отаға өзім тіркелген ауруханада дайындалдым. Магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томографиядан өттім. Барлық құжатымды жинадым. 3 күннің ішінде порталда кезегім келді. Ота сәтті өтіп, 20 күн бойы оңалтудан өттім. Ауруымды алғашқы сатысында анықтаған дәрігер-терапевтім Айгүл Қойайдароваға алғысым шексіз», — дейді 3 баланың анасы.

Расымен, дәрігердің ауруды ерте анықтауы, қатерлі ісікті уақытында көзін жоюға сеп болған. Нәтижесінде науқас онкологиялық аурудан құлан таза айыққан. Ешқандай қосалқы, не кешенді емді қажет етпеген. Қазірде жамбылдық азамат онкологиялық есепке алынған. Әр 3 ай сайын медициналық тексеруден, яғни скрининг, қажетті зерттеулерден өтіп тұрады. Мұнымен қоса, жолдама арқылы Алматыдағы онколог дәрігерлердің консультациясын да тегін алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Қонаев тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты

Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасуда. Бұған дейін 4 және 5-шағынауданның тұрғындары сенбілікке шықса, осы жолы 3-ықшамауданның жұрты жаппай сенбілікке қатысты. Олардың қатарында еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін болды.
Жаңалық

Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

  Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша,
Жаңалық

Жетісу облысы: қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1085 жағдай тіркеліп, оның 764 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 53,9%. Айта кетерлігі
Жаңалық

Алматы облысында алғаш қолқа қақпағын транскатетер арқылы имплантациялау жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 1938 жылы туған науқас кеуде тұсының ауырсынуы, ентігу, ісіну, бас айналу сияқты шағымдармен түсті. Дәрігерлер егде жастағы науқасты тексеріп, «аорта қақпағының сыни стенозы» деген диагноз қойды.