Мазмұнға өту
+8°
Қонаев · Ашық
25 қараша 2026, сәрсенбі
Ұлттық банк бағамы, ₸
  • USD458.28
  • EUR501.45
  • RUB5.59
  • CNY68.77
Жарнама Жарнамаңыз осы жерде болсын Баннер, жарнамалық мақала, Telegram-пост. Бағасын жазып сұраңыз. WhatsApp-қа жазу →

Іле ауданында 3,2 млрд теңгеге салынған тұрғын үй кешенінің алғашқы үйлері пайдалануға берілді

0 Жаңалық

Өтеген батыр ауылында жаңа тұрғын үй кешенінің алғашқы үш үйі пайдалануға берілді. Жобаға салынған жеке инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгеден асты.

Іле ауданында 3,2 млрд теңгеге салынған тұрғын үй кешенінің алғашқы үйлері пайдалануға берілді

Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «SULTANoff park» тұрғын үй кешенінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Алғашқы кезеңде бес қабатты үш тұрғын үй салынған. Оларда жалпы ауданы 6,5 мың шаршы метр болатын 103 пәтер және 2 коммерциялық үй-жай бар. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері табысталды.

Үйлер газ, су және электр желілеріне қосылған. Кешен аумағында жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көгалдандыру мен сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Жарнама Жарнамаңыз осы жерде болсын Баннер, жарнамалық мақала, Telegram-пост. Бағасын жазып сұраңыз. WhatsApp-қа жазу →

Тағы үш үй салынып жатыр

Қазір жобаның екінші кезеңі жүріп жатыр. Оның аясында тағы үш бес қабатты тұрғын үй салынады.

Жоба толық аяқталған кезде кешенде алты ғимарат болады. Жалпы ауданы 12,5 мың шаршы метрден асатын 210 тұрғын және коммерциялық үй-жай пайдалануға беріледі.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тартудың маңызын атап өтті.

«Бүгін бірнеше отбасының көптен күткен арманы орындалып, өз баспанасына ие болып отыр. Бұл – үлкен қуаныш. Осы игі іске үлес қосқан жеке инвесторға алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы бастама көтерді. Біз де ауданымызда тұрғын үй құрылысын дамытуға, жаңа жобаларды іске асыруға баса назар аударамыз. Ең бастысы – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту», – деді аудан әкімі.

Жарнама Жарнамаңыз осы жерде болсын Баннер, жарнамалық мақала, Telegram-пост. Бағасын жазып сұраңыз. WhatsApp-қа жазу →

Мәтіннен қате таптыңыз ба? Белгілеп, Ctrl+Enter басыңыз.

Іле ауданында 235 млрд теңгеге 47 жоба іске асады: 2,5 мың жұмыс орны ашылмақКелесі материалІле ауданында 235 млрд теңгеге 47 жоба іске асады: 2,5 мың жұмыс орны ашылмақ