Мазмұнға өту

Алматы облысында 6 градусқа дейін үсік жүреді

2 0 Жаңалық

27 қазанда Алматы облысының бірқатар аумағында ауа райы күрт салқындайды

Алматы облысында 6 градусқа дейін үсік жүреді

Синоптиктер түнде үсік жүріп, таулы жерлерде жел күшейетінін ескертті.

Қазгидромет мәліметінше, түнде облыс бойынша 1–6 градус үсік күтіледі. Ал таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қонаевта да үсік болады

Облыс орталығы Қонаев қаласында түнде 2–4 градус үсік болжанып отыр.

Сонымен қатар Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Осыған байланысты өңір тұрғындарына ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстанған жөн.

Мәтіннен қате таптыңыз ба? Белгілеп, Ctrl+Enter басыңыз.

Талғар тауларында үш қыз 3 мың метр биіктіктен өздігінен түсе алмай қалдыКелесі материалТалғар тауларында үш қыз 3 мың метр биіктіктен өздігінен түсе алмай қалды