Мазмұнға өту

Іле ауданында 235 млрд теңгеге 47 жоба іске асады: 2,5 мың жұмыс орны ашылмақ

3 0 Жаңалық

Бұл туралы 29 қазанда Іле ауданында өткен Кәсіпкерлер күніне арналған жиында айтылды

Іле ауданында 235 млрд теңгеге 47 жоба іске асады: 2,5 мың жұмыс орны ашылмақ

Іле ауданында кәсіпкерлік пен инвестиция көлемі өсіп келеді. Биыл жалпы құны 235,4 млрд теңге болатын 47 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды Alatau24.kz.

Жобалар толық іске асса, ауданда 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Соның ішінде 2026 жылдың өзінде құны 151 млрд теңге болатын 16 жобаны аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Бұл кәсіпорындарда 1600-ден астам адам жұмыс істейді.

Ауданда соңғы үш жылда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 741 млрд теңгеден 921 млрд теңгеге дейін өсіп, 24 пайызға артқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де 206 млрд теңгеден 240 млрд теңгеге жеткен.

Жаңа жобалардың арасында сусын өндіру, қойма кешендерін салу, құрылыс материалдарын шығару және өндіріс қуатын кеңейту бағыттары бар.

Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов кәсіпкерлердің өңір экономикасына қосып отырған үлесіне тоқталды.

Шара барысында бірқатар ірі компания марапатталды. Carlsberg Central Asia мен Kusto Group – «Үздік инвестициялық жоба», Джей Ти Ай Казахстан – «Бюджеттің сенімді тірегі», Филип Моррис Казахстан – «Жылдың үздік салық төлеушісі», ал Шин-Лайн – «Үздік өндірістік жоба» номинациясына ие болды.

Ауданда кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, субсидия және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылып келеді.

Мәтіннен қате таптыңыз ба? Белгілеп, Ctrl+Enter басыңыз.

«Баланың тұйықталуы жай мінез емес»: Іле ауданында ата-аналарға маңызды ескерту жасалдыКелесі материал«Баланың тұйықталуы жай мінез емес»: Іле ауданында ата-аналарға маңызды ескерту жасалды