Жаңалық

Алматы облысында балалардың суға кету жағдайы тіркелген жоқ

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті басқа да тиісті органдармен бірлесе отыра өңіріміздің су айдындарында, әсіресе ауылдық жерлерде қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін  2 мыңнан астам рейдтік шара өткізді. 

 Профилактикалық жұмыс барында  жадынамалар , ақпараттық парақтар таратылды. Кешенді шара  жюалпы саны 18 452 адамды қамтыды.  Басты мақсат су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Осыған орай, департамент қызметкерлерімен облыстың стационарлық бассейндерінде 2500 бала жүзуге үйретілді. 

«Ағымдағы жылы қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Өткен жылмен салыстырғанда балалардың өлімінің саны азайды.  Биылғы жылы балаларджың суға кеету жағдайы тіркелген жоқ»,-деді Алматы облысы ТЖД АҚБ басшысы подполковник Ералы Разакулов.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталған кезден  Алматы облысында  14 адам құтқарылды, оның ішінде екеуі бала.

Спикердің айтуынша, балалармен болатын жазатайым оқиғалар оларды қараусыз қалдырудан орын алады.  

«Жазғы уақытта біз ересектерді, ата-аналарды, балалардың судағы қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуге шақырамыз, балалармен демалуға тек шомылуға барлық жағдай жасалған, рұқсат етілген жағажайларға ғана баруға кеңес береміз»,-деді спикер.  

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы. Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы
Жаңалық

Қонаевта ветеринариялық стансаға 15 автокөлік кілті табыс етілді

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ветеринария саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні сала ардагерлері мен жас мамандарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Іс-шара барысында 4 облыстық, 11
Жаңалық

Алматы облысындағы Топар өзенінің арнасы тазартылып жатыр

Алматы облысындағы Топар ауылы шалғайда жатқан елдімекеннің бірі. Бірнеше жыл бойы Топар өзені тартылып, ауылға су жетпей құмға сіңді. Тіршілік нәрінен таршылық көрген тұрғындар бұл мәселені аудан, облыс басшылығына айтумен-ақ
Жаңалық

Алматы облысында ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталды

  Өңірде ЖРВИ мен тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының