Жаңалық

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық науқаны өтті

Алматы облысында «Қауіпсіз сауда» республикалық аякциясы негізінде профилактикалық шара жүргізілді. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Александр Пархоменка айтты.

 

22-28 шілде күндері  өңірдегі сауда нүктелеріне  тексеріс жүргізілді.  Мақсат- өрттің алдын алу. Акция аясында ақпараттық түсіндіру  шараларымен  728  кәсіп иесі қамтылды.  Сондай-ақ Алматы облысының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 4 өртке қарсы  оқу-жаттығу өткізілді.

 

Баспасөз-мәслихаты барысында спикер, сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау аса қажет екенін еске салды.

«Өрт сөндіру құралдары әр нысанда болуы керек. Істен шыққан электр сымдарын пайдаланбаған абзал. Эвакуацияға арналған қосалқы есік болуы тиіс», — деді спикер.

 

Айта кетейік, облыста барлығы 68 ірі сауда кәсіпорны орналасқан, оның ішінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы, 49 сауда үйі және 17 әмбебап базар бар.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең
Жаңалық

Алматы облысында архившілер күні кең көлемде атап өтілді

Айтулы мерекеге орай Қонаев қаласында "Архив - тарихымыздың темірқазығы" атты салтанатты шара өтті. Басқосуда бірқатар сала мамандыры марапатталып, жылдық жұмыс қорытындыланды. Архившілер күні 2020 жылдан бері атап өтіліп келеді. Айта
Жаңалық

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 365 азамат анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін 8-13 сәуір аралығында «Мигрант және Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға 181 полиция қызметкері жұмылдырылып, 365 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 238 шетел азаматтарына қатысты және
Жаңалық

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде