Жетісу облысыМедицина

Биыл  Жетісу облысында  94  медициналық  нысан  іске  қосылады

Денсаулық  сақтау  саласын  дамыту  мақсатында  осы  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  облыстағы  бірқатар медицина мекемелері жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Сала маманы есепті кезеңде Жетісу облысында 94  медициналық  нысан  іске  қосылатынын, оның 59-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде берілетінін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісін кеңейту үшін ауылдық жерлерде 27 блокты-модулді нысан тұрғызылатынын атап өтті.

Бұдан бөлек, облыстың  медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық  базасын  жақсарту  мақсатында  28  медициналық  техника  сатып алынды. «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы арқылы құны 20 млн. теңгеден асатын медициналық  техниканы, сонымен қатар, облыстық кардиологиялық орталыққа ангиограф құрылғысы сатып алу жоспарлануда.

Мамандардың біліктілігін арттыру алғашқы медициналық-санитариялық  қызметтің  20 маманы оқытудан өтті. Ал көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту үшін облыс мамандары шетелдік клиникаларда тәжірибеден өтті. Атап айтсақ, Германияның Дюссельдорф қаласындағы клиникаға төрт маман, 4 акушер-гинеколог маманы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына оқуға жіберілді.

Shares:

Related Posts

Жетісу облысы

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2000 мыңға жуық жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар анықталды

18-21 ақпан аралығында Жетісу облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға
Жетісу облысы

ҚМДБ биылғы пітір садақаның мөлшерін 640 теңге деп бекітті

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті ораза 11 наурызда басталады. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. Отыз күндік ораза сәуірдің 9-ы аяқталып, 10 сәуір – айт мерекесін тойлау
News

«ТастөбеАгрофуд» ЖШС еңбек ұжымы өз таңдауын жасады

«ТастобеАгроФуд» ЖШС сүт өндіру бойынша Жетісу облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын басшысы Шыңғыс Ахметов өзі басшылық ететін еңбек ұжымымен референдум күні дауыс беру учаскесіне келіп, қызметкерлер өз таңдауын жасауына мүмкіндік
Жетісу облысы

Қаратал ауданында жас отбасылар өз таңдауын жасауда

Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылдық округінің №155 дауыс беру учаскесінде бірнеше жас отбасылар - Рысбековтар, Какишевтар, Мырзахановтар отбасыы келіп өз таңдауларын жасады. Жастар ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап, аудан жастарын
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *