Жетісу облысы

Жетісу оқушыларына «Мектепке жол» акциясында  80 млн теңгеге жуық көмек көрсетілді

2024 жылғы 1  тамыздан 30 қыркүйекке дейін аз қамтылған, көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында оқу жылының басына дайындық кезеңінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.

Бүгінде 79 млн. 838 мың 982 теңге сомасына 3 460 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жетісу облысы жаңа оқу жылына дайын. Бүгінгі таңда өңірде 791 білім беру мекемесі, оның ішінде 401 мектепке дейінгі ұйым бар.

«Өткен оқу жылында мектепті 128 906 оқушы аяқтады, ал жаңа 2024-2025 оқу жылында 129 мыңнан астам оқушыдан асады, оның ішінде 13 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барады», — деп бөлісті облыстық Білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.

Өңірде барлығы 5 білім беру нысаны салынуда, оның 2-уі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда.  1 нысанның құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

Облыстың  316 мектебі 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері 91 мемлекеттік балабақша мен 21 колледжде де жұмыс істейді.

Облыстың 48 мектебінің асханаларын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен 77,4 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жасалған шарттар шеңберінде жұмыстар жүргізілуде.

«Оқу материалдарына жедел қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін төлем құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу» жүйесіне қосылу үшін 69 мектептің тізімі ұсынылды. Осы мақсатқа 195 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда облыс мектептерінде аппараттық-бағдарламалық кешен орнатыла бастады», — деп толықтырды Жетісу облысы Білім басқармасының басшысы.

Related Posts

Жетісу облысы

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Жанұя» әлеуметтік орталығы ашылғаннан бері қызметіне 7197-ге жуық азамат жүгінген. Ал 4090 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Орталықтың негізгі міндеті халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік  көмек  көрсету, отбасылардың өмір сүру
Жетісу облысы

Қолөнершілер Шәмен Жаманұр, Рәуя Нұртілеу отбасыларымен дауыс берді

Республикалық референдумда Ескелді ауданының қолөнершілері Шәмен Жаманұр, Рәуя Нұртілеу Сырымбет ауылындағы №106, және Абай ауылындағы №115 дауыс беру учаскелеріне отбасыларымен келіп дауыс берді. «Біз мемлекетіміздің азаматы ретінде өзіміздің жауапкершілігімізді сезініп
Жетісу облысы

Қаратал ауданында ауыз сумен жабдықтау мәселесі шешілуде

Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Қаратал ауданы бойынша 35 елді мекенінің 33- і орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. 2023 жылы Тастөбе,
Жетісу облысы

Жетісу облысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай тұрақтандырады?

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру механизмдерін іске асыру барысында 2023-2024 жылдары қоғамға бағаны тұрақтандыру бойынша аталған механизмдерді іске асыруға 6 млрд теңге бөлінді. Оның  ішінде