Жаңалық

Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде

лматы облысының орталығы Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес шаһардағы тұрғын үйлерді табиғи газға қосу көзделген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған жалпы сомасы 173225,58 инвестициялық бағдарламасы бектілді. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен көшпелі баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығын газға қосу мәселесіне «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС тікелей жауапты. Олар келер жылға дейін газ тарту жұмыстарын жүргізетін болады. Қазіргі таңда серіктестікпен Қонаев қаласындағы 4-ші ықшам ауданында ұзындығы 2,82 км болатын газ тарту желілері салынған. Көгілдір отынның қызығын бір ғана ықшам ауданда 787 абонент көріп отырған жайы бар.

«Біздің міндетіміз инвестициялық бағдарлама негізінде көпқабатты тұрғын үйлерге газ тарту. 2023 жылы Қонаев қаласындағы 4-ші ықшам аудандағы бірқатар үйлерге газ тартылды. Бізге бөлінген 35 млн 800 мың теңгені толықтай игердік. Биылда 4-ші ықшам ауданды толықтау газға қосу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Келесі жылы екінші ықшам ауданда орналасқан тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасын табады»,- дейді «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС-нің қаржылық директоры Қайыржан Уразалин.

Мамандардың айтуынша, 2024 жылдың соңына дейін Қонаев қаласының 3,4,5 ықшам аудандарында алаңішілік газ кіргізу желілерінің жұмысы аяқталады. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде іске асатын жұмыстарға 39 млн 432 мың теңге қаржы қарастырылған. Жұмыс жоспар бойынша жүргізіліп, жыл соңына дейін тағы 765 абонент көгілдір отынды тұтынатын болады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының 12 оқушысы халықаралық жарыстарда топ жарды

2023 жылы Алматы облысының білім саласы үшін жемісті кезең болды. Өтіп баражатқан жылда 12 бірдей оқушы халықаралық білім бәсекесінде оза шапса, 118 бала республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлдегерлер қтарынан көрінді, деп
Жаңалық

Қонаев әскерилері Республика күніне арналған әннің тұсауын кесті

Қонаевтағы 32363 әскери бөлімінің қызметкері Досжан Ақатай Республика күніне арнап «Жаса қазағым» патриоттық әнін жазған, деп хабарлайды Қонаев қаласының әкімдігі. Шаһарда өткен салтанатты шарада әннің тұсауы кесілді. Досжан Ақатайдың бірнеше
Жаңалық

Қонаевта жыл басынан мыңнан аса бала дүниеге келген

Қонаев қаласында демографиялық өсім жоғарылап келеді. Жыл басынан өңір орталығында 9 егіз туыпты.  Бақанастық Гауһар Нүсіпбай төртінші баласын құшағына алған ананың бірі. Төрт баланың үшеуі кесір тілігімен алынған екен. 28
Жаңалық

Балқашта балық аулағандар 549 мың теңге залал келтірген

Мұны Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.«Балықшылар табиғатқа келтірілген 548 мың теңгеден астам залалдың орнын толтыруы қажет. Рейдтік шаралар әлі де жалғасады», – делінген хабарламада. Source link