Сайлау

Мәслихат сайлауы: Алтаев Бахыт Найманұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қонаев қаласындағы №1 сайлау округіне «AMANAT» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Алтаев Бахыт Найманұлының сайлауалды бағдарламасы

 Құрметті сайлаушылар!

Мен, Алтаев Бахыт Найманұлы, 1974 жылдың 17 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым — қазақ. 2003  жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолын 1995 жылы ішкі істер органдарынан бастадым. Қызмет барысында адалдық пен жоғары кәсібилікті ұстанып, 2018 жылы подполковник шенінде зейнетке шықтым.   Зейнетке шыққанан кейін кәсіпкерлікпен айналасуды жөн санап, Қонаев қаласынан «Saperavi» кафесін ашып, бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Отбасылы, үш баланың әкесімін.

Сонымен қатар, қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласамын. Әлеуметтік маңызы бар жобаларға тұрақты түрде демеушілік жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсету азаматтық борышым деп санаймын.    Қоғам игілігі үшін маңызды шараларға қолдау көрсетіп, қаламыздың әрбір тұрғыны үшін қолайлы орта қалыптастыруда жүйелі жұмыстар жүргізілуіне атсалысудамын.

Менің сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – қаламыздың кешенді дамуына үлес қосып, әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсарту. Осы орайда келесі бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерімді жұмсаймын.

 Қадірменді сайлаушылар!

  1. Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелері
  • №1 ықшам ауданындағы үйлердің аулаларындағы жарық шамдарының орнатылуына, ауыстырылуына ықпал етемін.
  • №1 шағын аудандағы көпқабатты үйлерге бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін шатырларына, қасбеттеріне ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржыландырылуына ықпал етемін.
  • Қаланың, оның ішінде №1 ықшам ауданын сумен және жылумен қамтамасыз етілуін ерекше бақылауға аламын.
  • Қаланың, оның ішінде №1 ықшам ауданындағы аулалардың абаттандырылуы мен көгалдандырылуына ықпал етемін.
  • Қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс орындарын жақсарту мақсатында Қонаев қаласындағы қоғамдық жағажайлар мен Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне атсалысамын.
  1. Денсаулық сақтау саласы
  •  Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуына ықпал етемін.
  •   2027 жылға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуіне ықпал етемін.
  • Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы әрі тұрақты медициналық қызмет көрсетілуіне ықпал етемін.
  1. Білім саласы
  • Білім мекемелерінің құрылысы мен күрделі жөндеулеріне бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал етіп, уақтылы жөндеу жұмыстарының аяқталуын бақылауға аламын. Білім беру ордаларында жыл сайын арнайы кабинеттердің (физика, химия, биология, STEM кабинеттерін) жабдықталуының қамтамасыз етілуін бақылауға аламын.
  • Білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарақтандыру бағытында жұмыстарды бақылауға аламын.
  1. Халықты жұмыспен қамту
  • Қонаев қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылау жүргізуді ұйымдастырамын.
  • Жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелердің ашық әрі әділ берілуін қадағалап, тұрғындардың өз ісін бастауына ықпал етемін.
  • Шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлермен бірге әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға күш саламын.
  1. Әлеуметтік мәселелер
  • Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды кезегіне сәйкес тұрақты баспанаға қол жеткізуіне ықпал жасаймын.
  • Көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына жәрдем етемін.
  • Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтарға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында 2027 жылға дейін 50 орындық жаңа оңалту орталығының құрылысына ықпалдасамын.
  1. Жастар мәселесі
  • Жастарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін кеңейтуге атсалысамын.
  • Қаламызда жастарға арналған мәдени іс-шаралар, фестивальдар мен спорттық жарыстарды жиі өткізіп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпалдасамын.
  • Қала жастарының қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай жасап, еріктілер қозғалысын дамытуға жәрдемдесемін.

Құрметті сайлаушылар!

Мен сіздердің сенімдеріңізді ақтап, әрбір тұрғынның мүддесін қорғау жолында адал әрі ынталы қызмет етуге дайынмын. Қаламыздың болашағы жарқын, әрі тұрғындарына жайлы болу үшін әрбіріңіздің пікірлеріңіз бен тілектеріңізді ескеру – мен үшін басты парыз. Бізді алда үлкен өзгерістер мен игі бастамалар күтіп тұр, оларды бірге жүзеге асыру арқылы Қонаев қаласының жаңа белестерге көтерілуіне септігімізді тигіземіз. Әрбір сайлаушының таңдауы – біздің ортақ арманымызға жетелейтін алғашқы қадам. Қаламыздың өркендеуі сіздердің қолдарыңызда және әрбір дауыс – жарқын болашаққа апарар жолдың шамшырағы.

АЗАМАТТАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН!

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.