Жетісу облысы

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясына арнап мурал салынды

Аталған экологиялық бағдарламаның аясында облыста сенбілік шараларымен қатар осындай насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді

Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында № 33 үйдің қабырғасында жуырда «Таза Қазақстан» акциясын бейнелейтін мурал салынды.

— Талдықорған қаласында бүгінгі күні тұлғатану, туризм, экология т.б. тақырыптарда 14 мурал бар. Соның біреуі «Таза Қазақстан» акциясына арналып отыр. Бұл мурал қала әкімінің ұсынысына орай демеушілік көмек арқылы салынды. Қазір көпшілік жазба ақпаратты оқудан гөрі, көзбен қабылдауға бейім, сондықтан осы тақырыпты мурал арқылы насихаттағанды жөн деп таптық.  Басты мақсат — тазалықты сақтау мәселесіне қала тұрғындарының назарын аударту, оған қоса «Таза Қазақстан» акциясының маңызын айшықтау, — дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов.

Үш буын ұрпақтың ағаш егу сәті бейнеленген бұл суретті күнде көретін қала тұрғындары мұндай бастамаға разы.

— «Таза Қазақстан» аясындағы сенбіліктерге үнемі қатысамыз. Себебі қала өзіміздікі, ертең бізден кейінгі жас ұрпақ осы жерде өсіп-өнеді, сондықтан қаланың тазалығы бәрімізге ортақ міндет. Кішкентай балаларға да өзіміз үлгі болуымыз керек. Осы муралды көргенде сол жауапкершілікті үнемі есіме аламын, — қала тұрғыны дейді Нұржан Әлібаев.

Жалпы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 1 990 техника жұмылдырылып, 10 714 тонна қоқыс шығарылып, 2 445 км арық желісі тазаланды. Облыс аумағында акция кезінде 40,1 мың түп көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 226 мыңнан астам адам атсалысты.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісуда көкжөтел инфекциясы тіркелді

Облыста алғашқы нақтамамен көкжөтел инфекциясының 5 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 1 жағдай клиникалық жолмен расталды. Расталған жағдай 1 жасқа дейінгі ұйымдастырылмаған топқа жатады. Яғни, бала аталған дертке қарсы вакцинасын алмаған.
Жетісу облысы

«Мектепке жол» акциясы бойынша 16 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылады.
Жетісу облысы

Жетісуда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықпен ақпараттық-ағарту жұмыстары қорытындыланды

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жүргізілген сараптамалық жұмыстың нәтижелері туралы халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде еліміздің барлық аймағында «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын
Жетісу облысы

«Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі жалғасын тапты

Биыл екінші рет ұйымдастырылған шараға халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері, жергілікті тұрғындар, мемлекеттік органдар мен жергілікті мәслихат депутаттары шақырылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңіріндегі табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың өкілдері