Мен, Қалиев Қанат Қайратұлы 1989 жылы 6 тамызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Андреевка ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары: 2011 жылы І. Жансүгіров атындағы «Жетісу мемлекеттік университетін», «Экономист» мамандығы бойынша бітіргенмін. 2022 жылы академик А. Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы университетін», «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2012 жылдың сәуір айынан бастап «Қонаев тұрғын үй» ЖШС-де (бұрынғы «Қапшағай тұрғын үй» ЖШС-гі) бастадым, сол жерде осы уақытқа дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеймін. 2020 жылдың шілдесінен бастап «Қонаев тұрғын үй» ЖШС-нің директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
Құрметті сайлаушылар!
Егер сіз маған сенім білдіріп, Қонаев қаласының мәслихатында өз өкілі деп сайласаңыз, онда менің сайлаудағы бағдарламамның негізгі бағыттарын айтайын:
- Ескі тұрғын үйлерді жөндеу, көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту және күрделі жөндеу, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз құрылыстарын жөндеу;
- Көшелерді, аялдамаларды абаттандыру, жарықтандыру, баллардың ойын алаңдарын, халыктың демалатын орындарын абаттандыруға, асфальттау мәселелеріне жәрдемдесу.
- Үйлерді көгілдір газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейту және жандандыру;
- Автобус маршруттарының саны мен ұзақтығын ұлғайту;
- Әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындар мен отбасылардың мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
- Бюджет және демеушілік қаражат есебінен жұмыс істеп тұрған балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталықтарын, спорт, музыка және өнер мектептерін ашуға қолдау көрсету және көмек көрсету;
- Білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге қол жеткізу, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешу;
Құрметті сайлаушылар!
Бұл жоспарлар мен міндеттердің бір бөлігі ғана. Менің бағдарламам қарапайым уәде емес. Бұл мүмкін. Бұған сенімді болыңыз. Елім үшін қызмет жасаймын. Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз және өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
Жаңа әділ Қазақстанды тек халықпен ғана құруға болады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында : Біздің барлығымызда бір Отан – ол Қазақстан. Елімізді мықты әрі табысты ету – біздің қолымызда. Туған жерді, ата – бабаларымыздың баға жетпес мұрасын қорғау мен өркендетуді қамтамасыз ету — біздің қасиетті міндетіміз. Бірлікті сақтау және қажырлы еңбек ету, елді өзгерту және өскелең ұрпаққа дамыған мемлекетті беру – осының бәрі ата-баба өсиеттерін шынайы ұстануды білдіреді деген сөздерін өзіме мақсат етемін.
Сіздерді алдағы мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, сіздің үйіңізге бейбітшілік, жақсылық, бақыт пен амандық, туған Қазақстанға тұрақтылық пен өркендеу тілеймін! 2024 жылғы 8 желтоқсанда сізді сайлау учаскеңізге келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын.
Құрметпен, Қалиев Қанат Қайратұлы!
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.