Жаңалық

Алматы облысында 10 мың тоннаға жуық инертті материал әзірленді

 

Алматы облысында қар басу, қар көшкіні, көктайғақ және жол-көлік апаттарына қарсы арнайы дайындық шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Дінмұхамет Құсайынұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы 5741 шақырым.Оның 1809 шақырымы республикалық, ал 3370 шақырымы облыстық маңызы бар жол. Қар басу және қар көшкіні қаупі бар 11 учаске анықталып, бұл аймақтарда арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді.
Қыс мезгілінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақта 11 жылыту және 4 медициналық құтқару пункті жұмыс істейді. Бұл пункттер өңірдің стратегиялық жол учаскелерінде орналасып, ауа райы нашарлаған жағдайда жолда қалған адамдарға көмек көрсету үшін құрылды. Атап айтсақ, олар Жаңа-Арна, Күрті, Тарғап және Шелек бағытындағы жол жиегінде орналасқан.

“Қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақадай саймыз. Бүгінде 9481 тонна инертті материал мен 127 қар тазалау техникасы дайындалды”,– деді Дінмұхамет Құсайынұлы.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райы туралы ескертулер мен қауіпсіздік шаралары жайлы үнемі ақпараттандырып отырады. Бұл мақсатта «Darmen» мобильді қосымшасы мен ұялы байланыс операторлары арқылы дауылды ескертулер мен төтенше жағдайлар туралы ақпарат таратылады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 200-ден аса ойын терминалдары жойылды

Бұл жөнінде экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Нұржан Исмагулов баспасөз мәслихатында баяндады. Нұржан Исмагуловтың айтуынша, экономикалық қылмыстардың ерекшелігі мен көлеміне қарамастан, тіркелген оқиғалардың 80 пайыздан астамы электронды форматта.Тергеу жұмыстарының нәтижесінде,жүк көліктерін
Жаңалық

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын
Жаңалық

Қонаев қаласында 982 бала қызылшаға қарсы екпе алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Қонаев қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Ерлан Саржанов айтты. Эпидемиолог-дәргердің айтуынша облыс орталығында жыл басынан бері қызылша ауруының 157 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 19 адам
Жаңалық

«Zhasproject»: Алматы облысының жастарына 1 млн теңге грант беріледі

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін  «Zhas Project»  жобасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев пен Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан