Жаңалық

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын көпір орнатып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке қатысқан, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары Жәнібек Серікұлы мен «109» бірыңғай байланыс орталығының басшысы Бақтияр Бақытұлы, жоба — халықтың күнделікті мәселелерін жедел шешуге бағытталған дейді.

Бірегей бастама, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан жайы бар.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар орталыққа ашық құдықтар, жылу жүйесіндегі ақаулар, электр жарығының үзілуі, қаңғыбас иттер, аула абаттандыру сынды мәселелер бойынша жиі жүгінеді. Сонымен қатар, балаларды балабақшаға тіркеу, жол жөндеу және көшелерді жарықтандыру секілді сұрақтар да қарастырылуда.

«Орталық биылғы жылдың 11 ақпанында жұмысын бастады. Алғашқыда өтініштер тек Қонаев қаласы мен Талғар ауданы бойынша қабылданды. 1 қарашадан бастап, облыстың барлық аудандарын қамтыдық», – деді Жәнібек Серікұлы.

Оның айтуынша, орталыққа осы уақытқа дейін 12 259 өтініш түскен, оның ішінде 12 090 өтініш уақтылы орындалған. Қалған 169 өтініш құзырлы мекемелердің қарауында. Қазіргі таңда байланыс орталығына күніне 50-70 өтініш келіп түседі. Тұрғындардың мәселелері 3 күн ішінде немесе оның күрделілігіне қарай 15 күнге дейін шешіледі.

Өтініштер бірнеше байланыс құралдары арқылы қабылданады:
• Instagram: @109konaevkz
• WhatsApp: 8 771 7 109 109
• Telegram чат-бот: https://t.me/konaevhelp

Еске саламыз, «109» байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында «109» біріңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазіргі таңда байланыс орталығына 800-ге жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай айтты.
Жаңалық

Назар аударыңыз, сібір жарасы!

Сібір жарасы ошақтық жұқпа болғандықтан, аурудың бұрқ ету жағдайлары республика көлемінде жыл сайын тіркеліп отырады. Өңірде соңғы рет сібір жарасының 3 жағдайы Кербұлақ ауданында 2016 жылы анықталған, адам өлімі болған
Жаңалық

Алматы облысында 5 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым
Жаңалық

ӘМСҚ медициналық ұйымдарға 358 млрд теңгеден астам сомаға аванстық төлем жасады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді орналастыру рәсімін аяқтады. Оның қорытындысы бойынша өнім жеткізушілер арасында 2,4 трлн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2024 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша