Жаңалық

Алматы облысының полициясы мен «PARYZ» еріктілері күш біріктірді

Полиция департаменті мен «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бұл құжат жастарды қолдауға арналған бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Alatau24.kz ақпарат агенттігі.

Меморандумға полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов пен «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» төрағасы Әділет Айтқазы қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты – жастарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, лудомания, буллинг, кибербуллинг, нашақорлық сияқты қауіпті факторлардың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау.

«Полиция мен еріктілердің күш біріктіруі – бұл жасөспірімдер мен жастардың болашағы үшін өте маңызды қадам. Біз олардың қауіпсіздігі мен игілігі үшін барынша күш салуға дайынбыз. Бұл ынтымақтастық жастардың энергиясы мен әлеуетін дұрыс бағытта пайдаланып, олардың өмірін жақсартуға септігін тигізеді. Біздің мақсатымыз – жасөспірімдерге қауіпсіз орта құру, олардың құқықтарын қорғау және оларға қажет болған кезде қолдау көрсету,» – деп атап өтті полиция полковнигі Бағдат Әшімов.

Фото: Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар тараптар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар, соның ішінде спорттық турнирлер, мәдени бағдарламалар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр. Әлеуметтік құндылықтарды дәріптеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бұл меморандум – жастарға арналған жауапты және маңызды қадам. Біз полициямен бірлесіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу және жастардың өмірлік таңдауларына оң ықпал ету үшін аянбай еңбек етеміз. Әсіресе, буллинг, нашақорлық, киберқауіптер сияқты тақырыптарда жастарды хабардар ету маңызды. Бұл мәселелердің алдын алуға мүмкіндік беретін нақты әрі тиімді жобаларға қатысқанымызға қуаныштымыз,» – деді «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» төрағасы Әділет Айтқазы.

Айта кету керек, меморандум аясында түрлі жобалар іске асырылмақ. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық сауатын арттыру, сондай-ақ оларды белсенді азаматтық өмірге тарту бойынша нақты шаралар жоспарланған. Полиция мен еріктілердің бірлескен жұмысы қоғамдағы көптеген мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының ауылдық округ әкімдеріне оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұйғыр ауданына қарасты 14 ауылдық округ әкімдері оқыту семинарына қатысты.Семинарға Әділет департаменті, Дін істер басқармасы, Ішкі саясат басқармасы,Талдау және Болжау
Жаңалық

Алматы облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы қарқын алуда

ҚР Ұлттық экономика минстрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті өткен жылы 13, биыл 2  құқық бұзушылықты анықталған. Нәтижесінде өткен жылы 72 млн теңге айыппұл салынса, 2024 жылы
Жаңалық

XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады

2024 жылдың 24–30 қарашасы аралығында Алматы тағы да мәдениеттер, дәстүрлер мен жаңашыл идеялар тоғысқан орынға айналады. Орталық Азиядағы ең ірі XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен режиссерлер, актерлер, сценаристер мен
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 102 өрт оқиғасы тіркелді

Облыс аумағында жылыту маусымы басталғанан тұрғын үй секторында өрттің саны едәуір артады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко айтты. «Жылыту маусымы кезінде 102