Жаңалық

Оқушыларға МӘМС жүйесі туралы кеңінен түсіндірілді

Медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда жүгіну керек? Осы және өзге де сұрақтарға қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облыстық филиалының бас сарапшылары түсіндіріп берді.

«ҚР халқының әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтардың 15 санаты үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді, оның ішінде балалар да бар. Сіздер сапалы және қолжетімді медициналық көмекті алуға, дәрі-дәрмекпен қамтылуға, белгілі бір жағдайларда ауру сәйкестігіне қарай шетелде ем алуға құқықтарыңыз бар», — деді қордың бөлім басшысы Айғаным Санақбаева.

Мұнымен қоса, сақтандыру мәртебесін білу тетіктері, қормен байланысу туралы жеткізілді.

«Қор диалогқа ашық және азаматтарды олардың құқықтары бұзылған немесе медициналық қызметтерден бас тартылған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады. Өтінішті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-да @ Saqtandyrýbot арқылы қалдыруға болады», — дейді қордың бас сарапшысы Әкімбек Саурықбаев.

Мамандар облыстың түкпір-түкпіріндегі білім беру мекемелерінде білім алатын оқушылармен тілдесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Шетелде білім алғысы келетін жеткіншектер де болды. Олар шетелдегі «сақтандырылған» мәртебесі туралы, студент кезде жеңілдік санатыны сақталатыны туралы сұрап, білді. Жалпы, Алматы облысында 64 мектеп қамтылды. Айта кетерлігі, Алматы облысы бойынша медициналық көмек алуға қатысты пациенттерден Қорға 2610 өтініш түсті, оның 1218 – шағым. Құрылымы бойынша қарайтын болсақ, өңір тұрғындары негізінен емханалардағы медициналық қызметтің сапасына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту және стационарлардағы сапасыз медициналық көмекке қатысты шағымданады.

ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды. «Өңір әкімдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізіп, Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде
Жаңалық

Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. «Көбінесе, гидроцеле туғаннан
Жаңалық

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық